Philips AT899/06 User Manual

Page 90

Advertising
background image

Қауіпті жағдайлар

-

Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.

Абайлаңыз

-

Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді ауыстыруға немесе оған

басқа штепсельдерді қосуға болмайды: бұл өте қауіпті.

-

Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар және дене, сезу

немесе ақыл-ой қабілеттері төмен, не болмаса тәжірибесі және білімі

жоқ адамдар қадағалаумен немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалануға

қатысты нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді түсінген

жағдайда пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы керек.

Балалар тазалауды және күтуді қадағалаусыз орындамауы керек.

-

Ағын сумен шаймас бұрын, ұстараны әрдайым розеткадан

ажыратыңыз.

-

Құрылғыны және оның керек-жарақтарын әрдайым қолданар

алдында тексеріңіз. Құрылғы зақымданған болса, оны немесе оның

керек-жарақтарын қолданбаңыз, себебі бұл жарақатқа себепші

болуы мүмкін. Әрдайым зақымданған бөлшекті түпнұсқа түрімен

ауыстырыңыз.

Абайлаңыз

-

Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды, және

оны ағын судың астында шаюға болмайды.

-

Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген арнайы

мақсатта қолданыңыз.

-

Тазалық мақсатында бұл құралды тек бір адам ғана қолдануы тиіс.

-

Адаптер біржолата істен шықпау үшін, адаптерді электр

ауатазартқыш қосулы тұрған немесе қосылған розеткаларға жақын

қолданбаңыз.

-

Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,

қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон

сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.

-

Сумен шайған кезде ұстараның төменгі жағындағы тесіктен су

ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі бүкіл

электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су өткізбейтін

қуат бөлігінде орналасқан.

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

-

Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық

қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.

Жалпы ақпарат

-

Бұл ұстара су өткізбейді. Су астында тазалау үшін ваннада немесе

душта пайдалануға болады. Қауіпсіздік мақсатында ұстараны сымсыз

пайдалану қажет.

-

Құрылғы 100 - 240 вольтқа дейінгі тоқ қуатымен жұмыс жасай

береді.

-

Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге

түрлендіреді.

-

Ең жоғарғы шу деңгейі: Lc= 69 дБ (A).

ҚАЗАҚША

90

Advertising