Philips AT899/06 User Manual

Page 95

Advertising
background image

Қырыну (тек AT941/AT940/AT918/AT897/AT896/AT894/AT891/

AT890/AT889/AT887/AT886/AT872/AT811/AT799/AT797/AT796/

AT790/AT756 үлгісінде)
Мұрт пен жақ сақалды тегістеу үшін, триммерді қолдануға болады.

1

Кескіш қайшы сырғымасын төмен қарай итеріп, кескіш қайшыны

ашыңыз.

2

Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.

,

Енді тегістеуді бастауға болады.

3

Тегістеп болғаннан кейін, қосу/өшіру түймесін басып ұстараны

өшіріңіз.

4

Триммерді тазалаңыз («Тазалау және техникалық қызмет көрсету»

тарауын қараңыз).

5

Кесетін қайшыны жабыңыз («сырт» ете түскенше).

Тазалау және күту

Ұстараны немесе зарядтау тұғырын (тек AT941/AT940 үлгісінде)

тазалау үшін, қысылған ауаны, қыратын шүберектерді, абразивті

тазалау құралдарын немесе бензин және ацетон сияқты өткір

сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Ағын сумен шаймас бұрын, ұстараны әрдайым розеткадан ажыратыңыз.

-

Жақсылап қыруы үшін, қолданған сайын ұстараны тазалап отырыңыз.

-

Электр ұстараны әрдайым тазалап тұру оның жақсы қыруына

себепкер болады.

-

Ең жақсы тазалау нәтижелері үшін Philips тазалау спрейін (HQ110)

пайдалануға кеңес береміз.

-

Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,

судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.

Ескертпе. Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы

тесіктен су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес,

себебі бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су

өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.

ҚАЗАҚША

95

Advertising