Philips FC8140 User Manual

Page 45

Advertising
background image

Құрама саптама

Құрама саптаманы пайдаланып, кілемдерді (щетка қатарын ішіне кіргізіп) немесе қатты беттерді

(щетка қатарын сыртқа шығарып) тазалауға болады.

- Қатты беттерді тазалағанда, щетка қатары саптамадағы орнынан шығып тұру үшін, құрама

саптамадағы педальді аяқпен басыңыз. (Cурет 6)

- Кілемді тазалағанда, құрама саптамадағы педальді аяқпен тағы бір рет басса, щетка қатары

қайтадан саптамадағы орнына кіреді. (Cурет 7)
Қатты бетті тазалайтын саптама (тек кейбір үлгілерде бар)

- Қатты беттерді тазалауға арналған саптама қатты беттерді оңай тазалайды (Cурет 8).

Қосалқы құрал ұстағышы

Қосалқы құрал ұстағышында бір уақытта екі қосалқы құралды сақтауға болады.

1

Қосалқы құрал ұстағышын түтікке жалғап (1), шлангты ұстағышқа жалғаңыз (2) (Cурет 9).

2

Қосалқы құралдарды ұстағышта сақтау үшін, ұстағыштың үстіне итеріп

кигізіңіз (Cурет 10).
Саңылауларды тазалау саптамасы, кішкене саптама және щеткалы

саптама

1

Саңылауларды тазалау саптамасын, кішкене саптаманы немесе кішкене

щетканы шлангтың қол сабына немесе түтікке жалғаңыз. Ол үшін, қол сабын немесе

түтікті қосалқы құралға сәл бұрап енгізіңіз. (Cурет 11)

- Саңылауларды тазалау саптамасын тар бұрыш пен қол жетпейтін жерлерді тазалау үшін

қолданыңыз.

- Кішкене саптаманы орындық немесе диван сияқты кішкентай жерді тазалау үшін

пайдаланыңыз.

- Кішкене щетканы компьютер мен кітап сөрелерін тазалау үшін пайдаланыңыз.

шағын турбо тарақ (тек кейбір түрлерде)

Шағын турбо щетка әсіресе жануар қылдарын және мамықтарды жиһаздан немесе

матрастардан тиімді тазартуға арналған. Шағын турбо щетка ішіндегі бірегей щетка матаға

жабысқан қылдарды босатып, шаңсорғышпен сорғызып алуға мүмкіндік береді. Шағын турбо

щетканы шлангтың сабына немесе жиналмалы түтікке жалғауға болады.

1

Жалғау үшін, шағын турбо щетканы сапқа немесе жиналмалы түтікке кіргізіңіз де, сәл

бұрап жіберіңіз.

2

Шағын турбо тарақты ажырату үшін оны қолсаптан немесе телескопиялық түтіктен

кішкене бұрап суырыңыз.

Құралды пайдалану

шаңды сорғызу

- Шаңсорғышты алдыңғы жағында орналасқан тұтқасынан ұстап тасымалдауға

болады (Cурет 12).

1

Қуат сымын құралдан тартып шығарып, штепсельдік ұшын розеткаға жалғаңыз.

2

Құралдың жоғарғы жағындағы қосу/өшіру түймесін аяқпен басып, құралды

қосыңыз. (Cурет 13)

- Бір сәтке үзіліс жасау қажет болса, түтікті ыңғайлы күйге уақытша қою үшін, саптаманың

шығып тұрған жағын уақытша қою ойығына кіргізіп қойыңыз (Cурет 14).

ҚазаҚша

45

Advertising
This manual is related to the following products: