Philips FC8140 User Manual

Page 47

Advertising
background image

15

Шаң контейнерінің HEPA сүзгісін қайта орнату үшін, үлкен шығыңқы жерін серіппелі

түйменің үстіне қойып, кішкене шығыңқы жерлерін ілмектерге (1) енгізіңіз және

ысырманы басып, орнына бекітіңіз («тырс» еткен дыбыс естіледі) (2). (Cурет 30)

16

Шаң контейнерін қайтадан құралға орнатыңыз (Cурет 31).

17

Қақпақты жабыңыз («сырт» еткен дыбыс шығады) (Cурет 32).

Ескертпе. Шаң контейнері орнатылмаса, қақпақ жабылмайды.

HEPA шығыс сүзгісін тазалау

Жұмысты жақсарту үшін, шаң контейнерін босатқан сайын HEPA сүзгілерін де тазалау қажет.

1

HEPA шығыс сүзгісінің торын ашу үшін, тұтқаларынан ұстап, торды жоғары тартыңыз да,

құралдан шығарыңыз (Cурет 33).

2

HEPA шығыс сүзгісін шығарыңыз.

3

HEPA шығыс сүзгісінің бүктемелі жағын жоғарыдағы «Шаң контейнерін босату»

бөліміндегі 11 және 13-қадамдарда көрсетілгендей баяу ағып тұрған ыстық ағын сумен

шайыңыз.

4

Кепкен HEPA шығыс сүзгісін құралға қайта орнатыңыз.

5

HEPA шығыс сүзгісінің торын жабу үшін, алдымен тордың үстіңгі жағындағы шығыңқы

жерлерді құралдағы ұяларға келтіріңіз (1). Одан кейін, тұтқаларды басып, торды орнына

бекітіңіз (2) («сырт» еткен дыбыс шығады) (Cурет 34).
Моторды қорғайтын сүзгіні тазалау

Жұмысты жақсарту үшін, моторды қорғайтын сүзгіні жылына кемінде бір рет тазалау қажет.

1

Шаң контейнерін тұтқасынан ұстап, құралдан шығарыңыз.

2

Моторды қорғайтын сүзгімен бірге сүзгі ұстағышын құралдан шығарып

алыңыз. (Cурет 35)

3

Моторды қорғайтын сүзгіні ұстағыштан шығарыңыз. Тазалау үшін, оны қоқыс жәшігінің

үстінен сілкіңіз.

4

Сүзгіні ұстағышқа орнатып, ұстағышты қайтадан құралға сырғытып кіргізіңіз.

5

Шаң контейнерін қайтадан құралға орнатыңыз.

шағын турбо тарағын тазалау

Шағын турбо щетканың ішіндегі щетканы келесі қадамдарды орындап тазалаңыз.

1

Ойығы өзіңізге қарағанша, шағын турбо щетканың ішіндегі щетканы бұраңыз. Щеткаға

жиналып қалған шашты, жіптерді, т.б. қайшымен қиып алыңыз. (Cурет 36)

2

Түктерді, қылдарды және басқа кір заттарды щеткадан алыңыз.

ауыстыру

Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек.

Сүзгілерді алмастыру

Шаң контейнерінің HEPA сүзгісі мен HEPA шығыс сүзгісін жыл сайын ауыстырып тұру керек.

HEPA сүзгілері

- Ескі сүзгіні шығарып, жаңасын орнату үшін, «Тазалау және техникалық қызмет

көрсету» тарауының сүзгілерді шығару және орнату нұсқауларын орындаңыз.

ҚазаҚша

47

Advertising
This manual is related to the following products: