Қазақ – MAXWELL MW-1201 W User Manual

Page 17

Advertising
background image

17

ҚАЗАҚ

ЭЛЕКТРЛІ БУМЕН БҰҚТЫРҒЫШ

СУРЕТТЕМЕ
1. Қақпақ
2. Күрішті бұқтыруға арналған ыдыс
3. Үстіңгі булау тостағы
4. Астыңғы булау тостағы
5. Су құюға арналған саңылау
6. Конденсатты жинауға арналған төсем
7. Қыздырғыш элементтің сақинасы
8. Қыздырғыш элемент
9. Бумен бұқтырғыштың корпусы
10. Су деңгейінің шкаласы
11. Таймер
12. Жұмыс көрсеткіші

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бумен бұқтырғышты қолданбас бұрын, пайдалану нұсқаулығын
мұқият оқып шшығыңыз.
• Осы пайдалану нұсқаулығын анықтамалық материал ретінде
сақтап қойыңыз.
• Бұл приборды, нұсқаулықта суреттелгендей, тікелей мақсаты
бойынша ғана пайдаланыңыз
• Қосулы тұрған приборды қараусыз қалдырмаңыз!
• Тек жеткізу жинағына кіретін алынбалы бөлшектерді ғана
пайдаланыңыз.
• Бумен бұқтырғышты электр желісіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеу электр желісінің кернеуіне
сəйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
• Желілік шнуры «евроашамен» жабдықталған; оны жерге
сенімді қосылған байланысы бар розеткаға қосыңыз.
• Өрттің шығу тəуекелін болдырмас үшін құрылғыны
электр розеткасына қосқан кезде өткізуші тоқ құралдарын
пайдаланбаңыз.
• Бумен бұқтырғышты бөлмеден тыс жерде пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны тегіс тұрақты бетке орналастырыңыз.
• Бумен бұқтырғышты қабырғағаның немесе аспалы
шкафтардың жанында пайдаланбаңыз, себебі одан шығатын
ыстық бу оларды бүлдіруі мүмкін.
• Құрылғыны алғашқы пайдаланар алдында тағам өнімдерімен
байланысатын барлық бөлшектерді əбден жуыңыз.
• Бумен бұқтырғышты қоспас бұрын, резервуарға су
толтырыңыз, керісінше жағдайда құрылғы бүлінуі мүмкін.
• Қосар алдында, барлық алынбалы бөлшектерінің дұрыс
орнатылғанын тексеріп алыңыз.
• Құрылғымен жұмыс істеген кезде мұқият болыңыз: кез келген
сұйықтық немесе конденсат өте ыстық.
• Шығатын буға күйіп қалудан сақтаныңыз, əсіресе қақпақты
ашқан кезде.
• Қақпақты немесе бу тостағандарын ашу үшін ас үйлік
ұстағыштарды немесе қолғаптарды пайдаланыңыз.
• Бумен бұқтырғыштың жұмыс істеп тұрған кезінде оның
қақпағына жəне бу тостағандарына қол тигізбеңіз, өйткені олар
өте ыстық.
Буды шығарып жіберу үшін, қақпақты жаймен көтеріңіз де,
оның конденсаты ағып болғанша бу тостағанының үстінде
ұстап тұрыңыз.
• Егер сіз өнімдердің дайын болуын тексермек болсаңыз, онда
ұзын тұтқасы бар ас үйлік бұйымды пайдалыныңыз.
• Резервуардың ішіндегі су бумен бұқтырғыштың қалған
құрамдас бөліктері суыған кездің өзінде ыстық болуы мүмкін
екенін естен шығармаңыз.
• Бумен бұқтырғыштың төсемі, бу тостағандары жəне қақпағы
орнатылмаған болса, онда оны пайдаланбааңыз.
• Құрылғының ішінде ыстық өнімдер болған кезде оны
жылжытпаңыз.
• Бумен бұқтырғыштың ыдыстарын қысқа толқынды пештерде,
сондай-ақ электрлі немесе газ плиталарында пайдалануға
болмайды.
• Құрылғыны желіге қосулы күйде қараусыз қалдыруға тыйым
салынады.
• Егер құрылғы пайдаланылмайтын болса, бу тостағандарын
ашқан немесе орнатқан кезде, сондай-ақ тазалау алдында
оны желіден ажыратып қойыңыз.
• Құрылғыны тазаламас бұрын, алынбалы бөлшектерін
шешпес/орнатпас бұрын оны суытып алыңыз.
• Бумен бұқтырғышты ажырату үшін таймерді «OFF/сөндірулі»
күйіне орнатыңыз да, желілік ашаны розеткадан сурыңыз.
• Электр шнуры үстелден салбырап тұруын, сондай-ақ оның
ыстық немесе өткір беттерге тиюін болдырмаңыз.

• прибор мен желілік шнурды ыстық беттерден, жылу көздері
мен өткір заттардан алшақ ұстаңыз.
• Құрылғыны балаларға ойыншық ретінде пайдалануға рұқсат
бермеңіз.
• Приборды балалардың жəне мүмкіндігі шектеулі жандардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз. Оларға құрылғыны
үлкендердің қарауынсыз пайдалану үшін бермеңіз.
• Бұл құрылғы балалар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың
пайдалануына арналмаған, ол тек, олардың қауіпсіздігіне
жауап беретін адаммен, оларға қауіпсіз пайдалану туралы
тиісті жəне түсінікті нұсқаулықтар мен құрылғыны дұрыс
пайдаланбаған жағдайда пайда болуы мүмкін қауіптер туралы
түсінік берілген жағдайда ғана мүмкін.
• Электр тоғының соғу қаупін болдырмас үшін приборды,
желілік шнурды, желілік ашаны суға немесе басқа да
сұйықтыққа батырмаңыз.
• Құрылғының желілік шнуры, желілік ашасы бүлінген
жағдайда, немесе кез келген бүлінулер орын алған жағдайда,
оны пайдаланбаңыз. Құрылғыны өз бетіңізше шашпып
бөлшектемеңіз жəне жөндемеңіз. Құрылғыны жөндеу үшін
рұқсаты бар сервис орталығына жолығыңыз.
Прибор тек үйде пайдалануға арналған.

АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
• Бумен бұқтырғышты шығарып алыңыз жəне қаптама
матераиалын алып тастаңыз.
• Бу тостағандарын (3, 4) алынбалы торларымен бірге, күрішті
бұқтыруға немесе көже пісіруге арналған ыдысты (2), қақпақты
(1) жəне конденсатты жинауға арналған төсемді (6) жұмсақ
жуғыш құралды қолдана отырып жуыңыз.
• Əбден шайыңыз жəне сүртіңіз.
Суға арналған резервуардың ішкі бетін жұмсақ матамен
сүртіңіз.

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
• Бумен бұқтырғышты тегіс тұрақты бетке орналастырыңыз.
• Қыздырғыш элементтің сақинасын (7) қыздырғыш элементке
(8) сақинадағы (7) ойық төменде тұратындай етіп орнатыңыз.
• Бумен бұқтырғышты тегіс тұрақты бетке орналастырыңыз.
• Резервуарға суды екі тəсілмен толтыруға болады: - су
құюға арналған саңылау (5) арқылы немесе суды тікелей
резервуардың өзіне құюға болады.
• Егер тағам əзірлеу кезінде сіз құйылған судың қалыптан төмен
тұрғанын байқаған болсаңыз, онда оны бу тостағандарын
шешпей-ақ саңылау (5) арқылы құюға болады (1-сурет).
• Сүзгіден өткізілген суды пайдаланыңыз, оның ащылығы
төмен болады, бұл қыздырғыш элементте қақтың пайда болу
деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Суды MAX белгісінен
асырып құймаңыз.

Ескерту:
- Суға тұз, бұрыш, дəмдеуіштер, шөптер, шарап, тұздық немесе
басқа сұйықтықтарды қосуға тыйым салынады.
- Бумен бұқтырғышты əрбір пайдаланар алдында суды
ауыстырып отырыңыз.

• Конденсатты жинауға арналған төсемді (6) суға арналған
резервуарға орнатыңыз да, оның дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз.
• Конденсатты жинауға арналған төсемге (6) бір немесе екі
булау тостағанын (3, 4) орнатыңыз.
• Үстіңгі бу тостағанын қақпақпен (1) жауып қойыңыз.
• Желілік шнурдың ашасын розеткаға сұғыңыз.
• Таймердің тұтқасын (11) сағат тілінің бойымен бұраңыз да,
бумен бұқтырғыштың қажетті жұмыс уақытын орнатыңыз, осы
кезде көрсеткіш (12) жанады.
• Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін бумен бұқтырғыш
өздігінен сөніп қалады да, дыбыстық белгі естіліп, көрсеткіш
(12) сөнеді.
Бумен бұқтырғышты желіден ажыратып, құрылғыны суытып
қойыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
• Бумен бұқтырғыштың жұмыс істеп тұрған кезінде оның
қақпағына жəне бу тостағандарына қол тигізбеңіз, өйткені олар
өте ыстық.
• Күйіп қалмас үшін, қақпақты жəне булау тостағандарын
алу үшін ас үйлік ұстағыштарды немесе қолғаптарды
пайдаланыңыз. • Буды шығарып жіберу үшін, қақпақты
жаймен көтеріңіз де, оны конденсаты ағып болғанша булау

17

MW-1201.indd 17

MW-1201.indd 17

03.08.2010 11:17:16

03.08.2010 11:17:16

Advertising