Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары, Абай болыңыз, Ескерту – Sharp KC-A60EU W User Manual

Page 158

Advertising
background image

K-2

МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

Электр құрылғыларын пайдаланған кезде, қауіпсіздікке қатысты негізгі сақтық шаралары
орындалуы тиіс, оның ішінде келесі де бар:

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

– Электр тогының соғу, өрт немесе адамдардың жарақат алу қаупін азайту:

Қондырғыны пайдаланудан бұрын барлық нұсқауларды оқыңыз.
Тек 220~240 вольттық кернеуі бар ток көзін пайдаланыңыз.
• Қондырғыны қуат сымы немесе ашасы зақымдалған болса немесе жардағы розетка

жалғанар тұс босаған болса пайдаланбаңыз.

Ашадағы шаңды аракідік сүртіп тұрыңыз.
• Ауаны сору немесе шығару тесігіне саусақтарыңызды немесе бөгде заттарды салмаңыз.
• Қуат ашасын суырар кезде, əрдайым ашадан ұстаңыз жəне ешқашан сымынан ұстап

тартпаңыз.

Қысқа тұйықталуына байланысты электр тогы соғуы жəне/немесе өрт пайда болуы мүмкін.
Негізгі қондырғыны жылжытқан кезде қуат сымын дөңгелектерімен зақымдап алмаңыз.

(Ол электр тогының соғуына, жылудың бөлінуіне немесе өртке əкелуі мүмкін.)
• Қолыңыз ылғал кезде ашаны тартпаңыз.
• Осы қондырғыны газ құрылғылары немесе пеш маңайында пайдаланбаңыз.
Су багын толтырған, қондырғыны тазартқан немесе қондырғыны пайдаланбаған кезде,

қондырғыны суыруды ұмытпаңыз. Қысқа тұйықталуына байланысты электр тогы соғуы жəне/

немесе өрт пайда болуы мүмкін.

• Егер қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдайдың алдын алу үшін оны өндіруші,

қызмет көрсетуші маман, Sharp өкілеттігі бар қызмет көрсету орталығы немесе осыған

ұқсас біліктілігі бар адам ауыстыруы тиіс.

Осы ауа тазартқыш Sharp өкілеттігі бар қызмет көрсету орталығы ғана жөндеуі тиіс. Қандай

да бір ақаулар, өзгертулер немесе жөндеу қажеттіліктері туындаған жағдайда жақын маңдағы

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Аэрозоль негізіндегі жəндіктерге қарсы заттары пайдаланған кезде немесе майлы қалдық, хош

иісті заттар, тұтатылған шылым ұшқындары, ауадағы химиялық булар бар бөлмелерде немесе

жуынатын бөлме сияқты қондырғының ылғалдануы мүмкін жерлерде оны іске қоспаңыз.

Қондырғыны тазартқан кезде сақ болыңыз. Əсері қатты еріткіш тазалағыш заттар сыртқы

қабатты зақымдауы мүмкін.

Қондырғыны тасыған кезде, алдымен су багын жəне ылғалдандырғыш науаны алып тастаңыз

жəне қондырғыны екі жағындағы тұтқаларынан ұстаңыз.

Ылғалдандырғыш науа немесе су багындағы суды ішпеңіз.
Су багындағы суды күн сайын шүмектен ағатын таза сумен ауыстырып, су багы мен

ылғалдандырғыш науаны жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. (K-12 жəне K-13 тұстарын қараңыз).

Қондырғы пайдаланылмаған кезде, су багындағы жəне ылғалдандырғыш науадағы суды төгіп

тастаңыз. Су багы жəне/немесе ылғалдандырғыш науада су қалдыру зеңнің, бактериялардың

жəне нашар иістердің пайда болуына əкелуі мүмкін.

Ерекше жағдайларда, бұл бактериялар ағзаға зиянды əсерлерін тигізуі мүмкін.
Бұл қондырғыны физикалық, сезімталдық немесе менталдық мүмкіндіктері шектеулі немесе

тəжірибесі мен білімі жоқ адамдар (балалармен қоса) пайдаланбауы тиіс, пайдалануы үшін

олардың қауіпсіздігіне жауапты адам тарапынан қадағалау немесе қондырғыны пайдалануға

қатысты нұсқау беру шаралары жүргізілуі тиіс.

Балалардың қондырғымен ойнамайтынына көз жеткізу үшін оларды бақылап отыру қажет.

ЕСКЕРТУ

– Радио немесе теледидар кедергісі

Егер осы ауа тазартқыш радио немесе теледидар сигналын қабылдау əрекетіне кедергі келтірсе,

кедергіні келесі шаралардың біреуін немесе бірнешеуін пайдалану арқылы түзетуге тырысыңыз:

Қабылдағыш антеннаның бағытын өзгертіңіз немесе орнын ауыстырыңыз.
Қондырғы мен радио/теледидар қабылдағыш арасындағы қашықтықты көбейтіңіз.
Жабдықты қабылдағыш жалғанған тізбектен бөлек тізбектегі розеткаға жалғаңыз.
Көмек алу үшін дилерге немесе тəжірибелі радио/теледидар маманына жүгініңіз.

OM_KC-A60EU_Kaz.indd Sec1:2

OM_KC-A60EU_Kaz.indd Sec1:2

10/1/12 9:52 AM

10/1/12 9:52 AM

Advertising
This manual is related to the following products: