Сақтандырулар мен кеңестер, Жалпы қауіпсіздік, Қоқысқа тастау – Hotpoint Ariston CG65SG1 (W) IT/HA H User Manual

Page 71: Қоршаған ортаны сақтау және қорғау

Advertising
background image

KZ

71

Сақтандырулар мен кеңестер

! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік

стандарттарына сай жасақталып дайындалған.

Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту

мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу

қажет.

Жалпы қауіпсіздік

• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны

коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда

қолдануға болмайды.

• Құрылғыны далада, тіпті үсті жабылған болса да,

орнатуға болмайды. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр

мен боранда қалдыру аса қауіпті.

• Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл

қолмен, аяқпен түртпеңіз.

Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға

сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау

мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны

басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені

жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.

Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде

пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез

келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.

• Нұсқау кітапшасы 1-класс (оқшауланған) немесе

2-класс 1-субкласс (2 шкаф арасына орнатылған)

құрылғымен бірге беріледі.

Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру

элементтері және пеш есігінің белгілі

бөліктері қатты қызады. Бұларға тимеу және

балалардан аулақ ұстау керек.

• Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің

ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.

• Желдету және ыстықты салқындатуға арналған

ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.

• Оттықтар жанып тұрған кезде немесе әлі ыстық

болғанда плитаның шыны қақпағын (тек кейбір

модельдерде) жаппаңыз.

• Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе

оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын

пайдаланыңыз.

• Құрылғыны пайдаланған кезде оның жанында

жанғыш сұйықтықтарды (спирт, бензин, т.б.)

қолданбаңыз.

• Төменгі сақтау бөлігіне немесе пештің өзіне

жанғыш материалдар салуға болмайды. Егер

байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттардың

жануы мүмкін.

• Бөліктің (бар болса) ішкі беттері қызып кетуі

мүмкін.

• Құрылғыны қолданбаған кезде тұтқалар

позициясында екенін және газ шүмегі жабылғанын

тексеріңіз.

• Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым

айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып

суырмаңыз.

• Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан

тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын

жасамаңыз.

• Егер құрылғы істен шыққан болса, оны

ешбір жағдайда өз басыңызбен жөндеуге

әрекеттенбеңіз. Тәжірибесіз адам тарапынан

жасалған жөндеу жұмыстарынан құрылғының

істен шығуы немесе жарамсыз болып қалуы

мүмкін. Көмек көрсету бөліміне хабарласыңыз.

• Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.

• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.

• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және

психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар

да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары

жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.

Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін

қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек

немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе

нұсқаулары берілуі тиіс.

Қоқысқа тастау

• Орау материалдарын тастаған кезде: ораманы қайта

пайдалана алу үшін жергілікті заңдарды орындаңыз.

• Электр және электроникалық құралдардың

қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC

Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары

қалыпты сортталмаған қалалық қалдық ағымымен

бірге жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам

денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып,

ескі құрылғылар қайта пайдалануды және

қайта өңдеуді оңтайландыру мақсатында бөлек

жиналуы керек. Өнімдегі сызылған «доңғалақты

қоқыс жәшік» сізге құрылғыны тастаған уақытта

бөлек жиналуы туралы есіңізге салады.

Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат

алу үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне

немесе сатушыларына хабарласулары керек.

Қоршаған ортаны сақтау және қорғау

• Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек

пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз

етуші желілік компаниялардың ең жоғары

жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз.

• GRILL (ГРИЛЬ) режимін пайдаланғанда пештің

есігін жабық ұстаңыз. Бұның арқасында нәтиже

жақсырақ болып, қуат үнемделеді (шамамен

10%).

• Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке

тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін

тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың

сыртқа шығуын болдырмайсыз.

Advertising