Бөлшектер мен мүмкіндіктер, Маңызды, Орнату – Hotpoint Ariston CT NTC IX2 User Manual

Page 55

Advertising
background image

kz

57

kz

БӨЛШЕКТЕР МЕН

МҮМКІНДІКТЕР

1. Су тазартқыш бөлік

2. Ыдыс қақпағы

3. Ыдыс

4. Ағызу түймесі және өзін-өзі бақылау

жүйесінің ескертуі

5. Шүмек

6. Су таматын науа

7. Бұрағыш

МАҢЫЗДЫ

Бұл құрылғы тек ішуге келетін сумен

қолдануға арналған. Құрылғыны белгісіз

немесе зиянды сумен қолданушы

болмаңыз.

Өңделген

судың

ішуге

сәйкестік

талаптарын қамтамасыз ету және тазалау

деңгейін сақтау үшін бұл құрылғыға

жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетіп

отыру керек.

Құрылғыны қоспас бұрын оның сыртында

көрсетілген кернеу электр желісіндегі

кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз.

Қуат кабелі, айыры немесе басқа

бөлшектері

зақымдалған

болса,

құрылғыны пайдаланбаңыз.

Балаларға

құрылғыны

бақылаусыз

қолдануға рұқсат бермеңіз.

Су ағызып жатқан кезде құрылғыны

бақылаусыз қалдырушы болмаңыз.

Салқын су алу үшін суға толы ыдысты

тоңазытқышта сақтауға болады.

Ыдысты асыра толтыруға және ыдыста су

деңгейі минималды белгіден төмен кезде

қолдануға болмайды: су деңгейі аз болған

кезде қолданылса, сорғы ауа сорып,

бұрқылдаған дыбыстар шығатын болады.

Құрылғыны жөндеу және оған қызмет

көрсету үшін тек өндірушінің түпнұсқа

бөлшектерін пайдаланыңыз.

Құрылғыда тек Hotpoint-Ariston [Hotpoint]

УФ шамдары мен сүзгілерін қолданыңыз,

әйтпесе кепілдік күшін жояды.

Құрылғы 3 сағат бойы қолданылмаса, УФ

шамы 60 секундқа қосылады

Құрылғыны тегіс, түзу, құрғақ әрі қауіпсіз

жерге орналастырыңыз.

Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы

пайдаланушы нұсқаулығындағы барлық

нұсқауларды оқып шығыңыз.

Осы А класындағы жүйе басқа барлық

денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес

келетін, микроорганизмдермен ластанған

суды залалсыздандыруға қатысты NSF

55 және Р231 стандарттарына сәйкес

келеді. Жүйе ағынды суды немесе

өңделмеген ағынды суды ішуге келетін

суға айналдыруға арналмаған. Жүйе

көзге таза болып көрінетін, ішуге келетін

сумен қолданылуға арналған.

ОРНАТУ

Құрылғыда ешбір зақым жоқ екенін тексеріңіз,

зақым табылса, сатып алған жерге қайтарыңыз.

A1 Айырды розеткаға қосыңыз. Құрылғыда

қуат қосылған кезде, құрылғы автоматты түрде

өзін-өзі тексеру/сынақ өткізеді және тексеру

аяқталғаннан кейін түйме көк түсті болып

жанады.

A2 Су ыдысын құрылғының негізгі бөлігінен

алыңыз.

A3 Ыдыс қақпағын алыңыз.

A4 Ыдысты жақсылап шайып, оны ішуге

келетін су көзінен толтырыңыз. Ыдысты асыра

толтырып жібермеңіз.

A5 Қақпақты жақсылап жуып (тазалау

процедураларын 3.1 бөлімінен қараңыз),

ыдысқа бекітіңіз.

Advertising