Kz бу блендерінің кесек ингредиенттері бар сорпа – Hotpoint Ariston TB 060C AX0 User Manual

Page 71

Advertising
background image

71

it

71

kz

БУ БЛЕНДЕРІНІҢ
Кесек ингредиенттері бар сорпа

ПЕСТО СОРПАСЫ

Уақыт: 40 минут

4 адамға арналған ингредиенттер

150 г күріш, 2 картоп, 2 цукини, 2 порей, 2 сәбіз, 1 түк сельдерей, 1 пияз, 100 г қызанақ, 100 г цикорий,

100 г бораго, 150 г алдын ала пісірілген ақ үрме бұршақ, үккіштен өткен грана сыры, генуя пестосы,

өсімдік қайнатпасы, аса сапалы зәйтүн майы, тұз және бұрыш.

Қызанақтың түбін айқас тіліп, оларды 3 минут суда қайнатыңыз, одан кейін мұз қосылған суға салып

қойыңыз. Қабығын ашып, тураңыз. Картоп мен цукиниді жуып, тураңыз. Порей, сәбіз, сельдерей және

пиязды жуып, тураңыз. Цикорий мен борагоны тілімдеп тураңыз. Көкөністердің барлығын тегешке

салып, күріш қосыңыз, қалауыңызша тұз бен бұрыш қосып, 20 минут бумен пісіріңіз. Қоспаны сорпа

жасайтын тегешке салыңыз, ақ үрме бұршақ пен 2 қасық песто қосып, қайнап тұрған сорпаны қосыңыз.

Сорпаға аздап май, үккіштен өткен грана және қой сырын қосып, үстелге қойыңыз.

ГУАКАМОЛЕ

Уақыт: 15 минут

4 адамға арналған ингредиенттер

3 піскен авокадо, 1 лимон, 2 қызанақ, 1 кіші пияз, 1 ащы бұрыш, 1 түк кориандр жапырағы

авокадоны екіге бөліп, сүйегін алып тастаңыз, жұмсақ етін шығарып алып, кесеге салыңыз, одан кейін

қарайып кетпеуі үшін дереу лимон шырынын қосыңыз. Қызанақтарды қайнатып, қабығын ашыңыз,

жасыл үстін алып тастап, авокадо қосыңыз. Туралған ащы бұрыш, пияз және кориандр жапырақтарын

қосыңыз. Қалауыңызша тұз қосыңыз. Қою крем болғанша су қосыңыз; пюре сияқты біркелкі болмауы

керек.

ГАСПАЧЧО

Уақыт: 25 минут

4 адамға арналған ингредиенттер

800 г қызанақ, 200 г нан, 4 сарымсақ бөлігі, 1 қияр, 1 жасыл бұрыш, алма сірке суы, аса сапалы зәйтүн

майы, тұз және бұрыш.

Қызанақтың түбін айқас тіліп, оларды 3 минут суда қайнатыңыз, одан кейін мұз қосылған суға салып

қойыңыз. Қабығын ашып, тураңыз. Олардың жартысын тегешке салыңыз. Нанды ұсақтаңыз. 150 г

қызанақ салынған тегешке қосып, үстінен зәйтүн майы құйыңыз. Сарымсақтың қабығын ашып, езіңіз

де, барлығын біріктіріп араластырыңыз. Кептірілген тминнің үлкен шоқымын себіңіз. Қиярдың қабығын

ашыңыз. Үштен бірін турап, қалғанын тегешке салыңыз. Бұрышты тазалаңыз. Үштен бірін турап,

қалғанын шырынсыққышқа салыңыз. 10 минут пісіріп, одан кейін шырынсыққышта өңдеңіз. Қоспаға

2 қасық сірке суын қосып, қалағанша тұз салыңыз. гаспаччоны тоңазытқышқа кем дегенде 1 сағатқа

қойып қойыңыз. Құрғақ нанмен және қалған туралған көкөністермен үстелге қойыңыз.

Advertising