Қазақ – Vitek VT-1508 R User Manual

Page 16

Advertising
background image

16

ҚАЗАҚ

КОФЕ ҚАЙНАТҚЫШ

СИПАТТАМАСЫ

1. Корпус

2. Ыдыстарды қыздыруға арналған алаң

3. Бу беруді ауыстырып қосу тұтқасы

4. Суға арналған ыдыс

5. Бу түтігі

6. Саптама

7. Сүзгі ұстағышты орнату орны

8. Кофеге арналған сүзгі

9. Сүзгі ұстағыш

10. Тамшыларға арналған тұғырықтың

толғанын білдіретін индикатор

11. Тамшыларға арналған алмалы-салмалы

тұғырық

12. Дайындық индикаторы

13. Желіге қосу индикаторы

14. Қорек сөндіргіш

МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Электр аспаптарды пайдалану кезінде

əрқашан негізгі сақтық шараларын сақтау

қажет, атап айтқанда:

• Кофе қайнатқышты тек оның тікелей

арнауы бойынша ғана пайдаланыңыз.

• Тек жеткізу топтамасына кіретін

жабдықтарды пайдаланыңыз.

• Кофе қайнатқышты қосудың алдында

электр желісінің кернеуі құрылғы

корпусында көрсетілген кернеуге сəйкес

келетініне көз жеткізіңіз.

• Кофе қайнатқышты қосу үшін жерлендіруі

бар розетканы қолданыңыз.

• Кофе қайнатқышты сусыз қоспаңыз.

• Кофе қайнатқышты жайдан тыс

пайдаланбаңыз.

• Кофе қайнатқышты тегіс құрғақ бетке,

қабырғалардан, шкафтан жəне басқа

заттардан қауіпсіз аралықта орнатыңыз.

• Желілік сым үстел шетінен ілініп

тұрмауын, ыстық беттермен жанаспауын

қадағалаңыз.

• Ыстық беттерге қол тигізбеңіз.

• Өрт туындау немесе электр тогына түсу

қатерлеріне жол бермеу үшін желілік

сымды немесе кофе қайнатқышты суға не

болмаса басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.

• Кофе қайнатқышты балалардың жəне

мүмкіндігі шектеулі адамдардың жанында

пайдаланғанда аса сақ болған жөн.

• Қолданып болғаннан кейін жəне

тазалаудың алдында кофе қайнатқышты

өшіріп қойыңыз жəне желіден ажыратыңыз.

Кофе қайнатқышқа оның бөлшектерін

орнатудың немесе шешудің алдында,

сонымен қатар оны тазалаудың алдында

оның суығанын күтіңіз.

• Кофе қайнатқышты желіден ажырату үшін

барлық батырмаларды өшірулі жағдайға

қойыңыз, содан кейін желілік ашаны

розеткадан шығарыңыз.

• Электр сымы немесе ашасы зақымданған

кезде, не болмаса аспап дұрыс істемей

тұрғанда оны пайдаланбаңыз. Жөндеу

үшін арнайы рұқсаты бар сервис

орталығына хабарласыңыз.

• Кофе қайнатқышты 0°C төмен

температурада сақтамаңыз.

ТЕК ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА

АРНАЛҒАН

ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ

• Кофе қайнатқышты қораптан шығарыңыз.

• Кофе қайнатқышты қосудың алдында

электр желісінің кернеуі құрылғы

корпусында көрсетілген кернеуге сəйкес

келетініне көз жеткізіңіз.

• Кофе қайнатқышты алғашқы

пайдаланудың алдында барлық алмалы-

салмалы бөлшектерді жылы суда жуып

алыңыз.

• Ыдысқа (4) су толтырыңыз, бірақ МАХ

белгісінен асырмаңыз (1-сурет).

• Қорек сөндіргішті (14) «Өшір.» жағдайына

орнатыңыз.

• Бу беру жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ол

үшін ауыстырыпқосқыш тұтқасын (3) «OFF»

жағдайына ауыстырыңыз (3-сурет).

• Кофеге арналған сүзгіні (8) ұстағышқа (9)

салыңыз, кофе салмай тұрып, ұстағышты

(9) оңға бұрап, арнайы орынға (7) орнатыңыз

(2-сурет).

1508.indd 16

1508.indd 16

15.05.2007 9:57:10

15.05.2007 9:57:10

Advertising