Қазақ – MAXWELL MW-1917 BK User Manual

Page 20

Advertising
background image

20

ҚазаҚ

Индукциялық пеш

1. Корпусы

2. Жұмыс беті

3. Басқару тақтасы

4. Санды дисплей

5. Температураның жарықтық көрсеткіштері

6. «Таймер» батырмасы

7. «t

o

-ны сақтау» батырмасы

8. Өлшемдерді таңдау ◄ ► батырмалары

9. «t

o

-ны баптау» батырмасы

10. «Іске қосу/сөнд.» батырмасы

Назар аударыңыз!

Қосымша қорғаныс үшін қоректендіру тізбегіне қорғаныс ажыратылу құрылғысын (ҚАҚ) 30

мА-ден аспайтын номиналды іске қосылу тоғымен орнатқан дұрыс. ҚАҚ орнатқан кезде

маманға хабарласқан жөн.

ҚаУІПСІзДІК ШаРаЛаРЫ

Электрлік шәйнекті пайдалану алдында нұсқаулықты зейін қойып оқып шығыңыз.

Берілген нұсқаулықты пайдалану мерзімі бойы сақтаңыз.

• Құрылғыны тек оның тікелей міндеті бойынша, берілген нұсқаулықта жазылғандай

пайдаланыңыз. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына әкелуі және

пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян келтіруі мүмкін.

• Іске қосу алдында, электр желісінің кернеуі құрылғын корпусында көрсетілген кернеуге

сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

• Желілік бау «еуропалық айыр тетікпен» жабдықталған; оны жерлендірудің сенімді түйіспесі

бар ашалыққа қосыңыз.

• Өртену тәуекелін болдырмау үшін құрылғыны электр ашалығына қосқанда

ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.

• Номиналды жүктелуі 10 А кем емес ашалықты пайдаланыңыз, берілген ашалыққа басқа

қуаты жоғары құрылғыларды қоспаңыз, себебі осындай құрылғылардың бірнешеуі бір

мезгілде іске қосылуы ашалықтың қызып кетуіне немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.

• Құрылғыны желдетісі жақсы жерлерде пайдаланыңыз.

• Ешқашан іске қосылған құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.

• Егер сіз құрылғыны пайдаланбасаңыз немесе тазалау алдында оны желіден ажыратыңыз.

• Жұмыс істеу уақытындағы шамалы шуыл қалыыыпты құбылыс болып табылады. Ол ыдыс

пен индукциялық шарғының арақатынасымен тудырылған. Бұл шуыл техникалық шарасыз

болып табылады және ыдыстың түріне байланысты болады.

• Құрылғыны газ пештерінің немесе жылытқыштардың қасында пайдаланбаңыз, сонымен

қатар оны ыстық заттардың үстіне қоймаңыз.

• Желілік баудың үстелдің шетінен салбырауына, сонымен қатар оның асханалық жиһаздың

ыстық беттерімен немесе үшкір шеттерімен жанасуына жол бермеңіз.

• Желілік бауды бұрамаңыз және оны құрылғы корпусына орамаңыз.

• Желілік баудың айыртетігін ашалықтан суырғанда баудан тартпаңыз, желілік баудың

айырететігінен қолмен ұстаңыз.

20

MW-1917.indd 20

23.05.2012 12:54:07

Advertising