Қазақ – Vitek VT-1253 User Manual

Page 17

Advertising
background image

17

ҚАЗАҚ

Ескерту
- Бірінші қосқан кезде үтіктің қыздыратын

элементі күйеді, сондықтан аз көлемдегі
түтіннің немесе бөтен иістің пайда болуы
бұл қалыпты құбылыс.

СУДЫ ТАҢДАУ
Сауытты толтыру үшін құбырдағы суды
пайдаланыңыз. Егер құбырдағы су қатты
болса, оны 1:1 қатынасында дистильденген
сумен араластыру ұсынылады, өте қатты
су болған жағдайда оны 1:2 қатынасында
дистильденген сумен араластырыңыз немесе
тек дистильденген суды пайдаланыңыз.

Ескерту
Суға арналған сауытқа (11) хош иісті
сұйықтықтарды, сірке суды, крахмал
ерітіндісін, қақты жоюға арналған
реагенттерді, химиялық заттарды жəне
т.с.с.-ларды құюға тыйым салынады.

СУҒА АРНАЛҒАН САУЫТТЫ ТОЛТЫРУ (сур.
1, 2)
Суды үтікке құю алдында, оның желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Тұрақты бу беру реттегішін (3) «бу беру

сөндірілген» күйіне орнатыңыз.

• Құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.
• Суды құюға арналған ыдысты (14)

пайдаланып, суды құйыңыз, қақпақты (2)
тығыз жабыңыз.

Ескерту:
• Суды MAX белгісінен жоғары толтырмаңыз.
• Егер үтіктеу кезінде суды толтыру қажет

болса, онда үтікті сөндіріңіз жəне желілік
айыр тетікті ашалықтан ажыратыңыз.

• Үтіктеп болғаннан кейін үтікті сөндіріңіз,

оның толық салқындауын күтіңіз, одан кейін
құятын саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз,
үтікті төңкеріңіз жəне қалған суды төгіңіз
(сур.8).

ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Үтіктің табаны (12) жəне суға арналған сауыт
(11) таза екеніне көз жеткізу үшін, пайдалану
алдында қызған үтікті матаның бір бөлігінде
тексеріңіз.
• Əрқашан үтіктеу алдында үтіктеудің

ұсынылған температурасы көрсетілген
бұйымның жапсырмасын қараңыз.

• Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар

жапсырма болмаса, бірақ сіз матаның түрін

білсеңіз, онда үтіктеу температурасын
таңдау үшін кестеге қараңыз.

Белгілеулер Матаның түрі (температура)

синтетика, нейлон, акрил, полиэстер

(төмен температура)

••

жібек/жүн (орташа температура)

•••

мақта/зығыр (жоғары температура)

• Кесте тек біртегіс маталарға қолданылады.

Егер мата басқа түрлі болса (бүктелген,
бедерлі жəне т.с.с.), онда оны төмен
температурада үтіктеген дұрыс болады.

• Əуелі заттарды үтіктеу темперетурасы

бойынша сұрыптаңыз: синтетиканы
– синтетикаға, жүнді - жүнге, мақтаны
– мақтаға жəне т.с.с.

• Үтік салқындауға қарағанда тезірек қызады.

Сондықтан əуелі төмен температура кезінде
үтіктеу ұсынылады (мысалы, синтетикалық
маталар). Содан кейін анағұрлым жоғары
температура кезіндегі үтіктеуге көшіңіз
(жібек, жүн). Мақтадан немесе зығырдан
жасалған заттарды соңында үтіктеңіз.

• Егер матаның құрамына аралас талшықтар

енсе, онда ең төмен температураны
белгілеу қажет (мысалы, егер бұйым 60%
полиэстерден жəне 40% мақтадан құралса,
онда оны полиэстерге сəйкес температурада
үтіктеу қажет «»).

Егер сіз матаның құрамын анықтай
алмасаңыз, онда бұйымды киген кезде
көрінбейтін жерді табыңыз, жəне тəжірибелік
жолмен температураны таңдаңыз (əрқашан
ең төменгі температурадан бастаңыз жəне
оны қажетті нəтижеге жеткенге дейін біртіндеп
көтеріңіз.).

Тез сетінейтін шибарқыт жəне басқа да

маталарды тек бір бағытта сəл ғана басып
(түктің бағытымен) үтіктеу керек.

Синтетикалық жəне жібек маталардағы
сетінейтін дақтардың пайда болуын
болдырмау үшін, оларды ішкі жағынан
үтіктеңіз.

ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БЕЛГІЛЕУ
• Үтікті негізіне (8) қойыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа

қосыңыз.

• Реттегішті (10) бұрап, қажетті үтіктеу

температурасын белгілеңіз: «», «••», «•••»
(матаның түріне байланысты), сол кезде
көрсеткіш (9) жанады (сур. 3).

• Үтік табанының (12) температурасы

1253.indd 17

1253.indd 17

27.05.2010 10:58:52

27.05.2010 10:58:52

Advertising