Қазақ – Vitek VT-1253 User Manual

Page 18

Advertising
background image

18

ҚАЗАҚ

белгіленген температураға жеткенде,
көрсеткіш (9) сөнеді, үтіктеуге кірісуге
болады.

Ескерту:
- Булы үтіктеу кезінде үтіктеу

температурасын бумен жұмыс істеу
немесе «•••» аймағына орнату қажет.

СУ БҮРІККІШ
• Сіз бүріккіштің (4) батырмасына бірнеше рет

басып, матаны ылғалдай аласыз (сур.4).

• Сауытта (11) жеткілікті су бар екеніне көз

жеткізіңіз.

ҚҰРҒАҚ ҮТІКТЕУ
• Үтікті негізіне (8) қойыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа

қосыңыз.

• Реттегішті (10) бұрап, қажетті үтіктеу

температурасын белгілеңіз: «•», «••», «•••»
(матаның түріне байланысты), сол кезде
көрсеткіш (9) жанады (сур. 3).

• Үтік табанының (12) температурасы

белгіленген температураға жеткенде,
көрсеткіш (9) сөнеді, үтіктеуге кірісуге
болады.

• Үтікті пайдаланып болғаннан кейін

температура реттегішін (10) «MIN» күйіне
орнатыңыз.

• Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан

ажыратыңыз жəне үтіктің толық салқындауын
күтіңіз.

БУМЕН ҮТІКТЕУ
Бумен үтіктеген кезде үтіктеу температурасын
бумен жұмыс істеу немесе «•••» аймағында
орнату қажет.
Үтік үтік табанының (12) төмен температурасы
кезіндегі судың берілуін жабатын тамшыға
қарсы клапанмен жабдықталған, бұл
үтік табанының (12) саңылауларынан
тамшылардың пайда болуын болдырмайды.
Үтік табанының қызуы жəне салқындауы
кезінде, сіз тамшыға қарсы клапанның
ашылуына/жабылуына тəн шыртылдарды
естисіз, ол оның қалыпты жұмыс істеуін
куəландырады.
• Үтікті негізіне (8) қойыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа

қосыңыз.

• Сауытта (11) жеткілікті су бар екеніне,

көрсеткіш жанбай тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Реттегішті (10) бұрап, қажетті үтіктеу

температурасын белгілеңіз: бумен жұмыс
істеу аймағында немесе «•••», сол кезде
көрсеткіш (9) жанады (сур. 3).

• Үтік табанының (12) температурасы

белгіленген температураға жеткенде,
көрсеткіш (9) сөнеді, үтіктеуге кірісуге
болады.

• Тұрақты бу беру реттегішімен (3) қажетті

бу түзу қарқындылығын белгілеңіз, бу үтік
табанының (12) саңылауларынан шыға
бастайды.

• Үтікті пайдаланып болғаннан кейін

температура реттегішін (10) «MIN» күйіне,
ал тұрақты бу беру реттегішін (3) «бу беру
сөндірілген» күйіне орнатыңыз.

• Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан

ажыратыңыз жəне үтіктің толық салқындауын
күтіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер жұмыс істеу уақытында тұрақты бу беру
болмаса, температура реттегішінің (10) күйінің
дұрыстығын жəне сауытта судың болуын
тексеріңіз.

ҚОСЫМША БУ БЕРУ
Қосымша бу беру қызметі қыртыстарды
үтіктеген кезде пайдалы жəне үтіктеудің
жоғары температуралы режимінде ғана
қолданыла алады (температура реттегіші (10)
«•••» күйінде). Қосымша бу беру батырмасын
(5) басқанда бу үтік табанынан анағұрлым
қарқынды шыға бастайды (сур.5).

Ескерту:
- Судың бу саңылауларынан ағуын болдырмау

үшін қосымша бу беру батырмасын (5) 4-5
секунд аралығымен басыңыз.

ТІК ЫЛҒАЛДАУ
Тік ылғалдау қызметі тек жоғары
температуралы үтіктеу режимінде ғана
қолданыла алады (температура реттегіші (10)
«•••» күйінде).
• Үтікті киімнен 15-30 см қашықтықта тік

ұстаңыз жəне қосымша бу беру батырмасын
(5) 4-5 секунд аралығымен басыңыз, бу үтік
табанынан (12) шыға бастайды (сур. 6).

Қажетті ақпарат
• Синтетикалық маталарды тік ылғалдау

ұсынылмайды.

• Ылғалдау кезінде матаның еруін болдырмау

үшін үтіктің табанын оған тигізбеңіз.

1253.indd 18

1253.indd 18

27.05.2010 10:58:52

27.05.2010 10:58:52

Advertising