Philips SCD525 User Manual

Page 110

Advertising
background image

110

Неліктен байланыс қайта қайта үзіліп қалады?
Неліктен дыбыс кедергілері пайда болады?

• Нәресте және ата аналар бөлігі қызмет

көрсететін аймақтың сыртқы шекарасына тым
жақын тұрған болар. Басқа орналасу орнын
таңдап көріңіз немесе екі бөліктің арасындағы
қашықтықты азайтыңыз. Есіңізде болсын,
екі бөліктің арасында байланыс орнау үшін,
әрдайым 30 секундтай уақыт керек болады.

• Ата-ана модулі DECT телефоны не басқа

1,8 ГГц/1,9 ГГц нәресте бақылағышы
сияқты таратқыш немесе DECT құралының
жанына қойылған болар. Байланыс қайта
орнатылғанша ата-ана модулін басқа
құралдардан қашықтатыңыз.

Тоқ қуаты болмай қалғанда не болады?

• Егер ата аналар бөлігі дұрыс зарядталған

болса, онда ол тоқ қуаты берілуін
тоқтатқанда, зарядтау құрылғысының ішінде
де сыртында да байланыс жоғалмайды. Егер
екі бөлікте де батареялар салынған болса,
онда тоқ қуаты берілуін тоқтатқанда, құрал
автоматты түрде батареядан жұмыс жасай
бастайды, және байланыс үзілмейді.

Нәресте қадағалаушы жасырын тыңдаудан
және кедергілерден сақ па?

• Осы нәресте қадағалаушының DECT

технологиясы басқа құралдардан кедергі
болдырмайды және жасырын тыңдаудың
алдын алады.

Ата-ана модулінің жұмыс мерзімі 24 сағат
болуы тиіс. Неліктен менің ата-ана модулім
одан аз істейді?

• Ата-аналар бөлігінің батареялары алғашқы

рет толығымен зарядталғанда, олар 24
сағат уақытынан азырақ қызмет көрсетеді.
Батареялар өзінің толық мүмкіндігіне, сіз
оны тек төрт рет толығымен зарядтап,
босатқанда ғана жетеді.

• Мүмкін сіз максималды бөлме

температурасын нақты бөлме
температурасынан төмен етіп, ал минималды
бөлме температурасын нақты бөлме
температурасынан жоғары етіп орнатқан
боларсыз. Нәресте бөлігі осы хабарды
ата аналар бөлігіне қайта қайта жібере
бергендіктен ол көбірек қуат қолданады.
Осының салдарынан, нәресте бөлігіндегі
қайта зарядталмайтын батареялар жылдам
таусылып қалады.

• Мүмкін сіз түнгі жарықты қосып қойған

боларсыз. Егер сіз түнгі жарықты қолданғыңыз
келсе, онда нәресте бөлігін тоқ сымынан
жұмыс жасатыңыз деп кеңес береміз.

Неліктен ата-аналар бөлігін қайта зарядтағанда
ол 8 сағаттан артық уақыт алады?

• Мүмкін ата аналар бөлігі зарядталып

жатқанда қосулы шығар. Зарядтап жатқанда
ата аналар бөлігін сөндіріп қойыңыз.

Нәресте бақылаушының қызмет көрсететін
аймағы 330 метр/1000 фут деп көрсетілген.
Неліктен менің нәресте бақылаушым одан
төмен аймақты қамтиды?

• Көрсетілген қамту аймағы тек сыртта, ашық

ауада ғана сәйкес келеді. Үй ішіндегі қамту
аймағы ортада кездесетін қабырға түрлері
мен саны немесе төбелер арқылы шектеледі.
Үй ішіндегі қамту аймағы 50 метр/150 фут
болып келеді.

• ECO режимі қосылған. Нәресте модулі

ECO режимінде тұрса, ашық ауада жұмыс
диапазоны — 260 метр/800 фут. Үйдің
ішінде жұмыс диапазоны қабырғалар және/
немесе төбелер саны мен түріне байланысты
шектеледі. Ата-ана модулін нәресте модуліне
жақындатыңыз немесе ECO режимін өшіріңіз.

Advertising