Samsung GT-P5200 User Manual

Page 270

Advertising
background image

Қазақ тілі

269

Өнім жасаушысы мақұлдаған батареяларды,

зарядтағыштарды, қосымша құралдарды және

жабдықтарды пайдаланыңыз

• Әмбебап батареяларды немесе зарядтағыштарды қолдану

құрылғының қызмет ету уақытын кемітуі немесе құрылғының дұрыс

жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл өрт тудыруы

немесе батареяның жарылуына әкелуі мүмкін.

• Тек өз құрылғыңызға арналған және Samsung мақұлдаған батарея

мен зарядтағышты ғана пайдаланыңыз. Сәйкес емес батарея мен

зарядтағыш едәуір жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға

себеп болуы мүмкін.

• Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген аксессуарларды

не керек-жарақтарды пайдаланған кезде пайдаланушының

қауіпсіздігіне жауапты емес.

Зарядтағышты немесе құрылғыны түсіріп не соғып

алмаңыз

Құрылғы мен зарядтағышты абайлап пайдаланыңыз және

тастаңыз

• Батареяны немесе құрылғыны ешқашан отқа тастамаңыз. Батареяны

немесе құрылғыны қысқа толқынды пеш, кәдімгі пештер немесе

радиаторлар сияқты қыздыру құрылғыларының үстінде не ішінде

ұстамаңыз. Құрылғы шамадан ысығанда жарылып кетуі мүмкін.

Қолданылған батареяны не құрылғыны қоқысқа тастағанда, барлық

жергілікті ережелерді ұстаныңыз.

• Құрылғыны ешқашан сындырып не тесіп алмаңыз.

• Құрылғыны жоғарғы сыртқы қысымға ұшыратпаңыз, ол ішкі қысқа

тұйықталуға және шамадан тыс қызуға себеп болуы мүмкін.

Құрылғыны, батареяны және зарядтағышты зақымдаудан

қорғаңыз

• Құрылғы мен батареяны өте суық немесе ыстық температураларға

шығармаңыз.

• Шамадан тыс температура құрылғыны зақымдап, зарядтау

мүмкіндігінің және құрылғы мен батареяның жұмыс істеу мерзімін

азайтуы мүмкін.

• Батареяны металл заттарға тигізбеңіз, себебі олардың + және

– ұштары байланысып, батареяны уақытша немесе біржола

зақымдауы мүмкін.

• Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны пайдаланбаңыз.

Advertising
This manual is related to the following products: