Сақтық шаралары, Ка зах ский, Абайлаңыз – Panasonic TYCE42PS20 User Manual

Page 75: Ескерту, Қолдану ережелері

Advertising
background image

75

Ка

зах

ский

Сақтық шаралары

АБАЙЛАҢЫЗ

Білікті орнатушы маманнан басқа ешкім құрылғыны орнату, жалғанатын құрылғыны көбейту жəне

азайту жұмыстарын орындамауы керек.

• Дұрыс орнатылмаған жағдайда, жабдық құлап, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Ұсынылған орнатылатын жердің беріктігін қарастырған кезде, қауіпсіздік коэффициентін де есепке алыңыз.

• Егер беріктігі жеткілікті болмаса, жабдық құлап, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Жүк көтере алмайтын жерге орнатпаңыз.

• Егер орнатылатын жердің беріктігі жеткілікті болмаса, жабдық құлап кетуі мүмкін.
Орнатылатын жер ұзақ уақыт пайдалануға шыдау үшін жеткілікті түрде орнықты болуына көз жеткізіңіз.

• Егер оның күші ұзақ пайдалану кезінде жеткіліксіз болса, плазмалық дисплей құлап, адамды жарақаттауы мүмкін.
Төбеге ілетін кронштейнді бөлшектеуші немесе өзгертуші болмаңыз.

• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Төбеге орнату кронштейндерін құлап кетуінің алдын алу əрекеттерін жасаңыз.

• Орнатуды толығымен орындамау дене жарақатына немесе тіпті адам өліміне əкелуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ

Каталогта көрсетілгеннен басқа плазмалық дисплейлерді пайдаланбаңыз.

• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Ылғал, шаң, түтін, бу немесе қызу əсеріне ұшырайтын жерлерге орнатпаңыз.

• Ол плазмалық дисплейге кері əсер етіп, өрттің соғуына немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
Жоғары қаратып, қырынан немесе төңкеріп орнатпаңыз.

• Ол плазмалық дисплейдің ішінде қызудың пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплейге немесе төбеге ілетін кронштейнге асылмаңыз немесе заттар ілмеңіз.

• Плазмалық дисплей құлап, адамды жарақаттауы мүмкін.
Жел кіретін тесіктерді жауып тастамаңыз. Төбеге ілетін кронштейнді пайдаланған кезде плазмалық

дисплейдің айналасындағы жерлерді жауып қоймаңыз.

• Олай етпеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Төбеге орнату кронштейнін жинақтау жəне орнату кезінде барлық жеріндегі бұрандалардың мықты

бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

• Дұрыс жинамау салдарынан жұмсалатын күш жеткіліксіз болып, нəтижесінде дисплейдің бұзылуына жəне

адамның жарақаттануына себеп болуы мүмкін.

Плазмалық дисплейдің жоғарғы, төменгі, сол жəне оң жақтарынан кемінде 10 см бос орын

қалдырыңыз. Сондай-ақ, артынан да кемінде 7 см бос орын қалдырыңыз.

• Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Плазмалық дисплейді кемінде екі адам орнатуы немесе орнынан шешуі керек.

• Плазмалық дисплей құлап, адамды жарақаттауы мүмкін.
Орнату үшін тек арнаулы құраушы бөлшектерді пайдаланыңыз.

• Олай етпеген жағдайда, плазмалық дисплей төбеден түсіп кетіп жəне/немесе зақымдалып, адамды

жарақттауы мүмкін.

Бекіткіш бұрандалар мен қуат сымын төбенің ішкі бөліктеріне тимейтіндей етіп орнатыңыз.

• Төбенің ішіндегі қандайда бір металл заттарға тисе, электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплейді орнынан шешкен кезде, төбеге ілетін кронштейндерді де шешіп алыңыз.

• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.

Қолдану ережелері

1) Плазмалық дисплейдің орнын таңдаған кезде абай болыңыз, себебі күн сəулесі тікелей түсетін жерге

немесе жылытқышқа жақын қойылса, оның түсі оңып кетуі немесе пішіні бұзылуы мүмкін.

2) Дисплейді тазалау жəне сүрту үшін жұмсақ құрық (мақта немесе жүннен тоқылған) матаны

пайдаланыңыз. Егер құрылғы аса бұлғалып кетсе, əуелі оны бейтарап жуу құралымен кетіріп, құрғақ

шүберекпен тазалап сүртіңіз Бензол, сұйылтқыш немесе жиһаз балауызын пайдаланбаңыз, себебі ол

жабынның аршылып түсіп қалуына себеп болуы мүмкін.

(Плазмалық дисплейді тазалау туралы ақпаратты плазмалық дисплейдің пайдаланушы

нұсқаулығынан қараңыз. Егер химиялық жолмен өңделген мата пайдаланылса, матамен бірге берілген

нұсқауларды орындаңыз.)

3) Бұйымға жабысқақ таспа немесе стикерлер жабыстырмаңыз. Бұл төбеге орнату кронштейнінің бетін

кірлетуі мүмкін. Резеңке, винил немесе соған ұқсас заттардың ұзақ уақыт тиіп тұруына жол бермеңіз.

(Бұл нашарлауға себеп болуы мүмкін.)

4) Плазмалық дисплейдің панелі шыныдан жасалған. Оған қатты күш немесе соққы тигізбеңіз.

ЕСКЕРТУ:

Бұл кронштейн тек Panasonic плазмалық дисплей үлгілерімен пайдаланылуға арналған (96-97-бетті қараңыз).

Басқа құрылғымен пайдалану тұрақсыздыққа əкеліп, адамды жарақаттауға себеп болуы мүмкін.

КƏСІБИ МАМАНДАР ОРНАТУЫ ҚАЖЕТ.

PANASONIC, ДҰРЫС ОРНАТПАУ НЕМЕСЕ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН

МҮЛІККЕ КЕЛГЕН ЗИЯН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТТАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ӨЛІМ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

Advertising