Philips LivingColors Antracita User Manual

Page 96

Advertising
background image

96

1. Жұмысты бастау

2.

LivingColors

шамы көмегімен жанға жайлы

жағдай жасау

3.

LivingColors

шамын басқа Philips

LivingAmbiance

өнімдеріне жалғау

4. Жиі қойылатын сұрақтарға жауап беру

5. Қосымша қолдау алу

1. Жұмыс жасатуды бастау:

-

Артындағы түймені сырғытып, қашықтан

басқару құралының батарея бөлімінің

қақпағын ашыңыз. AAA түріндегі 3 батарея

(+

және – көрсетілгендей болуы тиіс)

салыңыз.

-

LivingColors

шамын тегіс және тұрақты

жерге орнатыңыз.

-

LivingColors

шамын қабырғаға қаратып (ең

оңтайлы қашықтық - 50 см), қуат сымын

шамға жалғаңыз да, оның штепсельдік

ұшын розеткаға жалғаңыз.

2. Келесі әрекеттерді орындап, жанға

жайлы жағдай жасаңыз:

-

Түс шеңберіндегі керекті түсті түрту. Түсті

жақсарту үшін, саусақты түс шеңберінің

бойымен жылжытуға болады.

-

Түс қанықтығын өзгерту (ағымдағы

түске қосымша ақшылдық беру). Түсті

қоюлату үшін, түс қанықтығын арттыру

түймесін, ал түсті ашық ету үшін, түс

қанықтығын азайту түймесін басыңыз.

Түс қанықтығын азайту түймесі ұзақ

басылып тұрса, соңында түссіз жарық

жанады.

-

Күңгірттеу. Жарық күшінің деңгейін

күңгірттеу түймелері арқылы арттыруға

немесе азайтуға болады.

-

Түсті автоматты өзгерту режимін

таңдау. Саусақты түс дөңгелегі бойымен

айналдыра жүргізіп (толық бір айналым),

«I» (

Қосу) түймесін басып қалыңыз;

LivingColors

шамы түсті автоматты түрде

өзгерту режиміне қосылады: шам түстерді

автоматты өзгерте бастайды.

Түстердің ауысу жылдамдығын реттеуге

болады. Жылдамдықты, сағат тілінің

бағыты бойынша, жылдамнан (түс

шеңберіндегі қою көк) баяуға (күлгін)

өзгертуге болады. Түс шеңберінің кез

келген жерін түртуге болады. Түсті

автоматты өзгерту режимінде түстердің

қанықтығы мен ашықтығын да өзгертуге

болады.

Тұрақты түс режиміне қайту үшін, түс

шеңберін қайта айналдырып, «0»түймесін

басыңыз. Әйтпесе, алдымен «0», одан

кейін «I» түймелерін басып, LivingColors

шамын өшіріп, қайта қосуға болады.

-

Егер белгілі бір жарық параметрі ұнаса

(

мысалы, аздап күңгірттелген қызыл), кейін

оңай қалпына келтіру мақсатында осы

реңкті сақтауға болады. Ол үшін, қашықтан

басқару құралы сигнал бергенше Реңк

түймелерінің біреуін басып тұрыңыз. Реңк

басылған Реңк түймесіне сақталады.

Осы жолмен бір түсті автоматты өзгерту

режимінің белгілі бір жылдамдығын да

сақтауға болады.

Жарықтың керек түрде реттелуін

жалғастыруға болады. Кез келген уақытта,

сақталған реңкке қайту үшін, сақтау

кезінде басылған Реңк түймесін басыңыз.

Сол реңк түймесі жанып, реңктің

таңдалғанын көрсетеді, ал LivingColors

шамы сақталған параметрге өтеді.

Ең көбі 3 реңк (әр Реңк түймесі үшін

біреуден) сақтауға болады.

«0» (

Өшіру) түймесін басып қалып,

LivingColors

шамын өшіріңіз. LivingColors

шамы соңғы қолданылған режимді келесі

қолданыс үшін сақтайды. Оны қайтадан

қосу үшін, «I» (қосу) түймесін басыңыз.

3.

LivingColors

шамын басқа Philips

LivingAmbiance

өнімдеріне жалғау

Philips LivingAmbiance

түрлі өнімдерін LivingColors

шамының қашықтан басқару құралына

жалғауға болады. Осылайша, бір-біріне

жалғанған өнімдерді бірге немесе әр қайсысын

бөлек бір қашықтан басқару құралы арқылы

реттеуге болады.

1. Басқа Philips LivingColors шамдарын

қашықтан басқару құралына жалғауға

Advertising