Philips HD7751 User Manual
Page 80
2
Құралды іске қосу үшін, оның артқы жағындағы қосу/өшіру
түймесін «I» бағытына қойыңыз.
, Қосу/күту режимі түймесі мен дисплей шамы жанады. 1 минута
ішінде ешқандай түйме басылмаса, құрал күту режиміне өтеді.
Мұндай жағдайда дисплей өшіріледі де, тек Қосу/күту режимі
түймесі құралдың әлі іске қосулы екенін көрсету үшін жанған
күйінде қалады. Күту режимінде кез келген түймені басу арқылы
құралды іске қосуға болады.
3
Су ыдысының қақпағын ашыңыз. Су ыдысына
Ескертпе. Құралдың ішіне кофе дәндерін немесе ұнтақталған кофе
салмаңыз.
4
Су ыдысының қақпағын жабыңыз.
5
Құмыраны ыстық табанға қойыңыз.
Ескертпе. Құмыраның қақпағы орнында болуы керек. Құмыра қақпағы
жабылмаса, тамшылауды тоқтату функциясы автоматты түрде іске
қосылады («Құралды пайдалану» тарауының «Тамшылауды тоқтату
функциясы» бөлімін қараңыз).
Ескертпе. Құмыраның шөлмегі құралға қаратып қойылғанын тексеріңіз.
6
Қосу/күту режимі түймесін басыңыз.
7
Ұнтақтағышты өшіру үшін, алдын ала ұнтақталған кофе түймесін
басыңыз.
, Басқан кезде, түйме жанады.
Ескертпе. Ұнтақтағыш өшірілген кезде, шыны аяқ саны мен қоюлық
параметрі дисплейде көрсетілмейді.
ҚазаҚша
80