Philips HD7751 User Manual
Page 88
Қоршаған орта
- Қызмет мерзімі аяқталғанда, құралды әдеттегі қоқыспен бірге
тастамай, ресми жинау орнына тапсырыңыз. Осылайша, сіз қоршаған
ортаны сақтауға көмектесесіз.
Кепілдік және қызмет көрсету
Қызмет көрсету жұмыстары, ақпарат қажет болса немесе шешілмеген
мәселе болса, Philips компаниясының www.philips.com веб-сайтын
қараңыз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан
табуға болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған
жағдайда, жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.
ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құралды қолданғанда жиі кездесетін қиындықтар
сипатталған. Мәселе төменде берілген ақпарат көмегімен шешілмесе,
еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе
Мүмкін шешімі
Құрал жұмыс істемейді.
Қуат сымындағы штепсельдік ұшты розеткаға салып, құралдың артқы
жағындағы қосу/өшіру түймесін «O» бағытына қойыңыз.
Құралда көрсетілген кернеудің жергілікті ток көзінің кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз.
Су ыдысына су құйыңыз.
Ұнтақтағышты пайдаланған
кезде, кофе өте сұйық
болады.
2-10 шыны аяқ түймесімен таңдалған шыны аяқ саны су ыдысындағы
су мөлшеріне сәйкес келетінін тексеріңіз. Құрал су ыдысындағы
барлық суды пайдаланатынын ескеріңіз.
«Өте қою» кофе қоюлығын таңдау үшін, ҚОЮЛЫҚ түймесін
пайдаланыңыз.
Кофе дәндерін пайдаланғанда, алдын ала ұнтақталған кофе түймесінің
басылмауын қадағалаңыз, өйткені бұл ұнтақтағышты өшіреді.
Дәмі немесе иісі күштірек кофе дәндерін пайдаланыңыз.
Кофенің қоюлығын арттыру үшін, 2-10 шыны аяқ түймесімен су
ыдысына құйған шыны аяқ санымен салыстырғанда көбірек шыны аяқ
санын таңдаңыз.
Алдын ала ұнтақталған
кофені пайдаланғанда кофе
өте сұйық болады.
Сүзгідегі алдын ала ұнтақталған кофенің мөлшері су ыдысындағы су
мөлшеріне сәйкес келетінін тексеріңіз. Құрал су ыдысындағы барлық
суды пайдаланатынын ескеріңіз.
Дәмі немесе иісі күштірек ұнтақталған кофені пайдаланыңыз.
ҚазаҚша
88