AEG MCC2580E-M User Manual

Page 58

Advertising
background image

58 MCC2580E-m

жабдығын немесе тағамды

қалдырмаңыз.

Микротолқынды пеш Group 2 ISM

тобына жататын, материалды өңдеу

үшін радиожиіліктегі қуатты арнайы

тудырып, оны электромагниттік сəуле

түрінде қолданатын құрылғы.

Бұл B санатына жататын, тұрмыста

жəне төменгі кернеулі электр қуаты

желісіне тіке қосылған тұрғын

үйлерде пайдалануға арналған

құрылғы.

Жиһаз ішінде орналастыру үшін

арнайы сынақтан өткізілмеген

микротолқынды пешті жиһаз ішіне

орналастыруға болмайды.

Ескерту: Егер түтін шыққаны

байқалса, пешті сөндіріңіз немесе

оны электр желісінен ағытыңыз, ал

жалын шыққаны байқалса оны басу

үшін есікті ашпаңыз. Суды ешқашан

пайдаланбаңыз.

Ескерту: Балалар немесе əлсіз

адамдарға микротолқынды пешті

дұрыс қолданбағанда қатерлі

жағдайлардың орын алатындығын

түсіндіріп, оларға тиісті нұсқаулар

бергеннен кейін ғана

микротолқынды пешті ешкімнің

қадағалауынсыз пайдалануға

рұқсат етіңіз.

Тағамды пісіру барысында есік

маңынан бу шығуы немесе есіктің

булануы не тіпті есіктің астыңғы

жағында су тамшыларының пайда

болуы əбден қалыпты жағдай. Бұл

тағам қызуынан пайда болатын

конденсат жəне ол пеш

қауіпсіздігіне еш нұқсан тигізбейді.

Есік пештің қуысын

түгелдей тұмшалап жабуға

арналмаған.

Бұрылмалы табақты қолмен бұрам

деп күш салмаңыз. Бұл оның

бұзылуына əкелуі мүмкін.

Микротолқынды пеш іске қосылып

тұрғанда одан ұшқынның шығуы,

əдетте металл ыдыс-аяқты

қолданғаннан пайда болады.

Алайда жиі ұшқындай беру,

құрылғыға нұқсан келтіреді.

Бағдарламаны тоқтатыңыз да,

ыдысты тексеріңіз.

Пештің үстіңгі, артқы жағында,

бүйірі мен түбінде орналасқан

желдеткіш саңылаулар бітеліп

қалмас үшін абай болу керек.

Ескерту: Бұл пешті коммерциялық

мақсаттарда пайдаланбаңыз. Бұл

пеш тек тұрмыста пайдалану үшін

жасалған.

Қораптан шығару

Пешті қораптан шығарған кезде,

оның ешбір жеріне нұқсан

келмегенін тексеріңіз. Бүлінген жері

болса немесе қандай да бір

бөлшектері жетіспесе, дереу сатып

алған дүкенге хабарлау керек.

Advertising