AEG MCC2580E-M User Manual

Page 61

Advertising
background image

MCC2580E-m

61

Пластик ыдыс-аяқтар мен

тостақтар, мұздатқыш сауыттар мен

пластик орауыштардың көпшілігін

микротолқынды пеште пайдалануға

болады. Пеште пластик ыдысты

пайдаланған кезде өндірушінің

нұсқауларын орындаңыз. Аса

майлы немесе қанты көп тағам

салынған пластик ыдысты

пайдаланудан сақтаныңыз, себебі

мұндай тағамдар аса қатты ысиды

да, кейбір пластик ыдысты ерітіп

жіберуі ықтимал.

Тағамды пластик, қағаз ыдыста

немесе басқа да тұтанғыш сауытта

қыздырған немесе пісірген кезде

пешті қараусыз қалдырмай, мезгіл-

мезгіл байқап отырыңыз.

Микротолқынды пеште қолдануға

болатындығы арнайы

көрсетілмеген металл ыдыс-аяқ пен

металл ернеулі ыдыс-аяқты осы

құрылғыда қолдануға болмайды.

Шөлмек сияқты аузы тар

сауыттарды микротолқынды пеште

тамақ пісіру үшін пайдаланбау

керек.

Ыдыстың қақпағын ашқан кезде

буға күйіп қалмас үшін абай

болыңыз.

Қаңылтыр сауыттар

Төмендегі ережелерді ұстана

отырып, жұқа қаңылтыр қағаздан

жасалған таяз ыдыстарды

микротолқынды пеште тағамды

жылыту үшін қауіпсіз пайдалануға

болады:

• Қаңылтыр қағаздан жасалған

сауыттардың тереңдігі 3

сантиметрден (1 1/4”) аспауға

тиіс.

• Қаңылтыр қақпақты пайдалануға

болмайды.

• Тағамды қаңылтыр сауыттың

кем дегенде үштен екі бөлігіне

дейін салу керек. Ешқашан бос

сауытты пайдалануға болмайды.

• Қаңылтыр сауыттарды

микротолқынды пеште тек бір

рет ғана пайдалануға болады

жəне оны пештің жан-жағына

тигізуге болмайды. Пештің

бұрылмалы табағы не тамақ

пісіретін сөресі металдан

жасалса, қаңылтыр сауытты

қызуға төзімді əрі төңкеріліп

қойылған табақтың үстіне қою

керек.

• Микротолқынды пеште бір рет

қолданылған қаңылтыр

сауыттарды ешқашан екінші рет

пайдалануға болмайды.

15

минут не одан да көп уақыт іске

қосылып тұрған микротолқынды

пешті қайта пайдаланбас бұрын

суытып алу қажет.

Сауыт пен бұрылмалы табақ пеш

қосылып тұрған кезде қызып кетуі

мүмкін; олардың қай-қайсысын да

пештен аларда абай болыңыз.

Оларды пештен шүберекпен ұстап

не қолғап киіп алған жөн.

Алюминий қаңылтырдан жасалған

ыдысты пайдаланған кезде тағамды

жылыту не пісіру үшін əдеттегіден

де көбірек уақыт кететінін

ұмытпаңыз, сондай-ақ тағамды

дастарқанға ыстықтай тартыңыз.




Тағам қауіпсіздігі

Advertising