AEG MCC2580E-M User Manual

Page 62

Advertising
background image

62 MCC2580E-m


Микротолқынды пеште консерв

қалбырындағы тағамды

қыздырмаңыз. Тағамды əрқашан да

қолайлы ыдысқа аударып салыңыз.

Микротолқынды пеште тағамды

ыстық майға қуыруға болмайды,

себебі майдың температурасын

бақылау мүмкін болмағандықтан

қатерлі жайттар орын алуы

ықтимал.

Микротолқынды пеште попкорнды

қуыруға болады, бірақ тек осы

мақсатқа арналған қапшықтарда

немесе ыдыста қуыру керек. Оны

қуырған кезде пешті қараусыз

қалдыруға болмайды.

Бу түзіліп жəне жарылмас үшін

қабығы немесе қауашағы қатты

тағамның қабығын тесіңіз. Мысалы,

алма, картоп, балапан бауыры

жəне жұмыртқаның сарысы сияқты

тағамды тесу керек.

Баланы тамақтандыратын

шөлмектің жəне балалар тағамы

салынған қалбырлардың ішіндегісін

берер алдында араластыру немесе

шайқау керек жəне күйіп қалмас

үшін температурасын тексеру керек.

Ескерту: Сұйық тағамдар мен

басқа да тағамды тұмшаланып

жабылған сауыттарда қыздыруға

болмайды, себебі олар жарылуы

мүмкін.

Ескерту: Сусындарды

микротолқынды пеште

қыздыруға болмайды, себебі

олар кенет тасып төгілуі мүмкін;

сондықтан да, сауытты алар

кезде абайлаңыз.

Ескерту: Микротолқынды пеште

сұйық тағамды, мысалы, сорпа,

тұздық пен сусындарды қыздырған

кезде, сұйық тағам көпіршіп

қайнамастан-ақ қайнау нүктесінен

аса қызып кетуі мүмкін. Бұндай

жағдайда тағам кенет тасып төгілуі

мүмкін. Осындай жағдай орын

алмас үшін төмендегі қадамдарды

жасау керек:

Тар мойынды тік қабырғалы

ыдысты пайдаланбауға тырысыңыз.

Қатты қыздырып жібермеңіз.

Ыдысты пешке қоймай тұрып

араластырып жəне оның ішіндегісін

қыздырудың орта тұсына келген

кезде де бір рет араластырыңыз.

Оны қыздырып болған соң пеш

ішіне біраз уақыт қоя тұрыңыз да,

абайлап алмас бұрын тағы да

араластырыңыз.

Ескерту: Бүтін жұмыртқа жəне

бекітілген сауыттар сияқты кейбір

өнімдер, мысалы, бекітілген

қалбырлар жарылып кетуі мүмкін,

сондықтан да оларды бұл пеште

қыздыруға болмайды. Кей жағдайда

қабығы аршылған жұмыртқа да

пісіру барысында жарылып кетуі

мүмкін. Жұмыртқаның сарысын

əрқашан тесіңіз, содан соң оны

қақпақпен жабыңыз да, қақпақты

ашпас бұрын бір минут қоя тұрыңыз.

Advertising