Vitek VT-1688 Capella User Manual

Page 46

Advertising
background image

46

- жылдам бастау уақытын орнату қадамы 10 секундтан 5 минутқа дейін – 10 сек.

- 5 мин. - 10 мин. дейін – 30 сек.

- 10 мин. - 30 мин. дейін – 1 мин.

- 30 мин. - 95 мин. дейін – 5 мин.

Бу генераторын пайдалану

Назар аударыңыз: тамақты бумен бірінші дайындаудың алдында суға арналған ыдысты жəне қақпақты жуып

алу қажет (4-суретті қараңыз).

1 Суға арналған ыдыс

2 Қалтқы

3 Суға арналған ыдыстың қақпағы

Жұмыс істеу тəртібі:

1. Суға арналған ыдыстың қақпағын ашыңыз, ыдысқа қажетті мөлшердегі суды құйыңыз да қақпақты қайта

жабыңыз (олай жасамаған жағдайда, бумен пісіру функциясы жұмыс істемейтін болады).

Назар аударыңыз: су минималды жəне максималды белгілер арасында тұруы қажет. Егер судың деңгейі тым

төмен болса, бумен пісіру іске қосылмайды немесе біраздан кейін қайта су құю керек болады. Ал егер су деңгейі

тым жоғары болса, ыдыстағы су қайнап, пешке төгілуі мүмкін.

2. Пешті желіге қосыңыз, есікті ашыңыз, тамақ салынған тəрелкені пештің төменгі пластинасының ортасына

қойыңыз, ал содан кейін есікті жабыңыз. Максималды дайындау уақыты 30 минут.

Мысал: көкөністерді 20 минут буда дайындау қажет.

1. «БУМЕН ПІСІРУ» батырмасын басыңыз, бұл жағдайда дисплейде пиктограмма (5) жанады.

2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «20:00» орнатыңыз.

3. Дайындауды бастау үшін «TIME/MENU»(УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ) батырмасын басыңыз.

Бумен пісіргіш жұмысының режимінде дисплейде дайындаудың қалған уақыты бейнеленеді жəне пиктограмма

(5) жыпылықтайды.

Назар аударыңыз:

1. Бумен пісіру кезінде қақпақты ашуға тыйым салынады.

2. Егер дайындау кезінде су деңгейі белгіленген мəннен төмен түсіп кетсе, пеш уақытша сөнеді, пайдаланушыға

су құю қажеттілігін еске салу үшін ескерту сигналы қосылады жəне бумен пісіру символы жыпылықтай

бастайды. Буға күйіп қалмау үшін сигнал дауысы бірден шықпайды. Қақпақты абайлап ашыңыз жəне қажетті

су мөлшерін құйыңыз, қақпақты жабыңыз жəне датчиктің судың жаңа деңгейін өңдегенін күтіңіз. Осыдан

кейін тамақ əзірлеуді жалғастыру үшін Старт батырмасын басуға болады.

3. Бумен пісіру кезінде бу пештің жоғарғы жағындағы клапан арқылы шығуы мүмкін, ал тамақты дайындап

болғаннан кейін пеш ішінде де бу қалуы мүмкін. Су тамшыларының біршама бөлігі есіктің астыңғы жағында

жиналып қалуы мүмкін. Есікті абайлап ашыңыз.

4. Буда 30 минут пісіргеннен кейін тұғырықтағы (8) суды төгіп тастау қажет, олай болмаған жағдайда ол төгіліп

кетеді.

Су жиналатын тұғырықты орнату (5-суретті қараңыз)

Бумен пісірудің алдында қысқа толқынды пештің үстінде суға арналған ыдыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

1. Егер тұғырық (3) суға толса, оны уақытылы төгіп тастау қажет. Қалған суды сіңдіріп алу үшін құрғақ шүберекті

пайдаланыңыз немесе тұғырықтан суды төгіп тастау үшін, оны шығарыңыз. Тұғырықты келесі түрде шешеді:

пештің есігін (1) барынша ашыңыз, екі батырманы (с) басыңыз жəне тұғырықты абайлап шығарыңыз.

2. Суға арналған тұғырықты (3) алғаннан кейін жəне суды төккеннен кейін, оны келесі түрде орнына орнатыңыз:

пештің есігін (1) барынша ашыңыз, пештің астыңғы жағындағы (2) үш тікбұрышты тесіктерге (а) үш ілмекті

(b) салыңыз.

Суға арналған ыдыстың қақпағын орнату (6-суретін қараңыз).

Су жиналатын ыдыстың (1) қақпағын орнату үшін оны ыдысқа (2) салыңыз жəне ілмектер а) тесіктерге дұрыс

кіргенін b) ыдыстың екі жағынан кіргенін тексеріңіз. Тек осыдан кейін ғана бумен пісіру функциясын қосуға

болады, ал олай жасамаған жағдайда бу ыдыстан шығып кететін болады.

Қақпақты (1) шығару үшін екі батырманы (3) бір-біріне қысыңыз жəне қақпақты сыртқа тартыңыз.

Таймер режимі

Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін дыбыстық сигналды беру үшін қолданылады.

Мысал: таймер жұмысын 2 минутқа қою қажет.

1. «ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАР» батырмасын 6 рет басыңыз, дисплейде таңдалған қуат деңгейі 00% бейнеленеді,

бұл жағдайда пиктограмма (7) жыпылықтайды.

2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «02:00» орнатыңыз.

3. Уақытты есептеуді бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.

Таймер режимінде дисплейде қалған уақыт бейнеленеді жəне пиктограмма (7) жыпылықтайды.

1688.indd 46

1688.indd 46

27.07.2006 17:11:46

27.07.2006 17:11:46

Advertising