Philips LivingColors Aplique negro User Manual

Page 102

Advertising
background image

102

орнатылатын беттің арасында қысылып

қалмау керек.

- Міндетті түрде шырақтың техникалық

сипаттамаларына назар аударыңыз.

Шырақтың жапсырмасы мен осы

нұсқаулықтағы ақпаратты қарап алыңыз.

1. Жұмыс жасатуды бастау:

- Орнату, күтім немесе жөндеу жұмыстарын

жасамас бұрын әрдайым электр тоғынан

ажыратыңыз.

- Суретте көрсетілгендей, сымдарды

қорғанышынан шығарыңыз.

- Егер қабырғада қабырға шамдарына

арналған жалғау қорабы болса, қабырға

шамының табағын тікелей сол қорапқа

бұрап орнатыңыз.

- Қабырғада ондай қорап болмаған

жағдайда, қабырғадан кабельдер шығып

тұратын жерді табыңыз. Қабырғада

бұрғымен екі тесік жасап, пластмассадан

жасалған штепсельдік ұштарды қойыңыз

да, табақты бұрап орнатыңыз.

- Жерге тұйықтау кабелін (әдетте ол қара

сызықтары бар сары түсті болады) шырақ

негізінің ішіндегі жерге тұйықтау орнына

(жерге тұйықтау белгішесімен белгіленген)

жалғаңыз.

- Орнату барысында сымдардың түстеріне

назар аударыңыз: көк (N) және қоңыр

(L). Осы екі сымды сәйкесінше электр

желісінен төбе шырағы негізінің ішіндегі

клемма қораптарына жалғаңыз.

- Шырақты басында қабырғаға бұрап

орнатылған табаққа орнатып, оны

бұрандамен екі жағынан тартып бекітіңіз.

- Үшаяқтың штепсельдік ұшын шамға

жалғаңыз — сырт еткен дыбыс шығу керек.

- Шамды үшаяққа орнатып, LivingColors

шырағын қабырғаға бағыттаңыз.

Шырақтың ұзындығын реттеу үшін, тіректің

ортасындағы сақинаны бұрап, үстіңгі

жағын қажетті ұзындыққа дейін реттеңіз де,

сақинаны орнына қойып бекітіңіз. Шырақты

басқа жағына бұрып қоюға да болады.

- Артындағы түймені сырғытып, қашықтан

басқару құралындағы батарея бөлімінің

қақпағын ашыңыз. AAA түріндегі 3 батарея

(+ және – жағы сәйкесінше салыну керек)

салыңыз.

2. Өзіңіз қалаған жағдайды жасаңыз:

- Түс шеңберіндегі керекті

түсті түрту. Түсті

жақсарту үшін, саусақты түс шеңберінің

бойымен жылжытуға болады.

- Түс қанықтығын өзгерту (ағымдағы түске

қосымша ақшылдық беру). Түсті қоюлату

үшін, түс қанықтығын арттыру түймесін,

ал түсті ашық ету үшін, түс қанықтығын

азайту түймесін басыңыз.Түс қанықтығын

азайту түймесі ұзақ басылып тұрса,

соңында түссіз жарық жанады.

- Күңгірттеу. Жарық күшінің деңгейін

күңгірттеу түймелері арқылы арттыруға

немесе азайтуға болады.

- Түсті автоматты өзгерту режимін

таңдау. Саусақты түс дөңгелегі бойымен

айналдыра жүргізіп (толық бір айналым),

«I» (Қосу) түймесін басып қалыңыз;

LivingColors шамы түсті автоматты түрде

өзгерту режиміне қосылады: шам түстерді

автоматты өзгерте бастайды.

Түстердің ауысу жылдамдығын реттеуге

болады. Жылдамдықты, сағат тілінің

бағыты бойынша, жылдамнан (түс

шеңберіндегі қою көк) баяуға (күлгін)

өзгертуге болады. Түс шеңберінің кез

келген жерін түртуге болады. Түсті

автоматты өзгерту режимінде түстердің

қанықтығы мен ашықтығын да өзгертуге

болады.

Тұрақты түс режиміне қайту үшін, түс

шеңберін қайта айналдырып, «0»түймесін

басыңыз. Әйтпесе, алдымен «0», одан

кейін «I» түймелерін басып, LivingColors

шамын өшіріп, қайта қосуға болады.

- Егер белгілі бір жарық параметрі ұнаса

(мысалы, аздап күңгірттелген қызыл),

кейін оңай қалпына келтіру мақсатында

осы

реңкті сақтауға болады. Ол үшін,

қашықтан басқару құралы сигнал бергенше

Реңк түймелерінің біреуін басып тұрыңыз.

Реңк басылған Реңк түймесіне сақталады.

Осы жолмен бір түсті автоматты өзгерту

режимінің белгілі бір жылдамдығын да

сақтауға болады.

Жарықтың керек түрде реттелуін

жалғастыруға болады. Кез келген уақытта,

сақталған реңкке қайту үшін, сақтау кезінде

басылған Реңк түймесін басыңыз. Сол

реңк түймесі жанып, реңктің таңдалғанын

көрсетеді, ал LivingColors шамы сақталған

параметрге өтеді.

Ең көбі

3 реңк (әр Реңк түймесі үшін

біреуден) сақтауға болады.

«0» (Өшіру) түймесін басып қалып,

LivingColors шамын өшіріңіз. LivingColors

шамы соңғы қолданылған режимді келесі

Advertising