Қазақ – MAXWELL MW-3015 G User Manual

Page 16

Advertising
background image

16

ҚАЗАҚ

• Желідегі кернеудің үтіктің жұмыс кернеуіне

сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Ескерту
Бірінші қосқан кезде үтіктің қыздыратын
элементі күйеді, сондықтан аз көлемдегі
түтіннің немесе бөтен иістің пайда болуы
– бұл қалыпты құбылыс.

СУҒА АРНАЛҒАН САУЫТТЫ ТОЛТЫРУ
Суды үтікке құю алдында, оның желіден
ажыратылғанына көз жткізіңіз.
• Температура реттегішін (10) «min» күйіне,

ал тұрақты бу беру реттегішін (3) « » күйіне
орнатыңыз.

• Құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.

Суды құюға арналған ыдысты (13)
пайдаланып, суды құйыңыз, қақпақты (2)
тығыз жабыңыз.

Ескерту:
- Суды MAX белгісінен жоғары

толтырмаңыз.

- Егер үтіктеу кезінде суды толтыру қажет

болса, онда үтікті сөндіріңіз жəне желілік
айыр тетікті ашалықтан ажыратыңыз
жəне суды құйыңыз.

- Үтіктеп болғаннан кейін үтікті сөндіріңіз,

оның толық салқындауын күтіңіз, одан
кейін құятын саңылаудың қақпағын (9)
ашыңыз, үтікті төңкеріңіз жəне қалған
суды төгіңіз.


ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Қолдану алдында, үтіктің табаны (5) жəне суға
арналған сауыт (10) таза екеніне көз жеткізу
үшін қызған үтікті матаның кішкентай бөлігінде
тексеріңіз.

Əрқашан үтіктеу алдында үтіктеудің
ұсынылған температурасы көрсетілген
бұйымның жапсырмасын қараңыз.

• Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар

жапсырма болмаса, бірақ сіз матаның түрін
білсеңіз, онда үтіктеу температурасын
таңдау үшін кестеге қараңыз.

Белгілеме Матаның түрі (температура)

Синтетика, нейлон, акрил, полиэстер
(төмен температура)

••

Жібек/жүн (орташа температура)

•••

(MAX)

Мақта/зығыр (жоғары температура)

• Кесте тек біртегіс маталарға қолданылады.

Егер мата басқа түрлі болса (бүктелген,
бедерлі жəне т.с.с.), онда оны төмен
температурада үтіктеген дұрыс болады.

• Əуелі заттарды үтіктеу темперетурасы

бойынша сұрыптаңыз: синтетиканы –
синтетикаға, жүнді - жүнге, мақтаны – мақтаға
жəне т.с.с.

• Үтік салқындауға қарағанда тезірек қызады.

Сондықтан əуелі төмен температура кезінде
үтіктеу ұсынылады (мысалы, синтетикалық
маталар).

• Содан кейін анағұрлым жоғары температура

кезіндегі үтіктеуге көшіңіз (жібек, жүн).
Мақтадан немесе зығырдан жасалған
заттарды соңында үтіктеңіз.

• Егер матаның құрамына аралас талшықтар

енсе, онда ең төмен температураны белгілеу
қажет (мысалы, егер бұйым полиэстерден
жəне мақтадан құралса, онда оны
полиэстерге сəйкес температурада үтіктеу
қажет «»).

Егер сіз матаның құрамын анықтай
алмасаңыз, онда бұйымды киген кезде
көрінбейтін жерді табыңыз, жəне тəжірибелік
жолмен температураны таңдаңыз (əрқашан
ең төменгі температурадан бастаңыз
жəне оны қажетті нəтижеге жеткенге дейін
біртіндеп көтеріңіз.).

• Тез сетінейтін шибарқыт жəне басқа да

маталарды тек бір бағытта сəл ғана басып
(түктің бағытымен) үтіктеу керек.

• Синтетикалық жəне жібек маталардағы

сетінейтін дақтардың пайда болуын
болдырмау үшін, оларды ішкі жағынан
үтіктеңіз.

ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БЕЛГІЛЕУ
• Үтікті негізіне (8) қойыңыз. (Үтікті тік күйде

орнатыңыз.)

• Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа

қосыңыз.

Реттегішті (10) бұрап, қажетті үтіктеу
температурасын матаның түріне байланысты
белгілеңіз: «», «••», «•••» немесе «max», сол
кезде көрсеткіш (6) жанады.

Үтік табанының (12) температурасы
белгіленген температураға жеткенде,
көрсеткіш (6) сөнеді, үтіктеуге кірісуге
болады.

MW-3015.indd 16

MW-3015.indd 16

24.02.2011 16:39:00

24.02.2011 16:39:00

Advertising