Өнім және қызмет сипаттамасы – Bosch PWS 20-230 J User Manual

Page 175

Advertising
background image

Қaзақша | 175

Bosch Power Tools

1 609 92A 0BD | (5.8.13)

Тегістеу шеңберімен кесуге қатысты қауіпсіздік
техникасы туралы қосымша ерекше нұсқаулар
Кесу шеңберінің бұғатталуын немесе артық басу

қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесулерді
орындамаңыз.
Кесу шеңберіне артық жүктеме түсіру
оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және
осылайша кері соққының немесе абразивті құралдың
сынуы мүмкіндігін арттырады.

Айналатын шеңбердің алдындағы және артындағы

аймаққа жақындамаңыз. Кесу шеңберін
дайындамада өзіңізден ары жүргізсеңіз, онда кері
соққы жағдайында айналып жатқан шеңбер бар электр
құрал сізге ыршуы мүмкін.

Кесу шеңбері сыналанса немесе жұмыс үзілісінде

электр құралды өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша
қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді
кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз,
бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.
Сыналану себебін
анықтаңыз және жойыыңыз.

Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр

құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай
тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге
мүмкіндік беріңіз.
Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы,
дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі
мүмкін.

Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы

мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен
дайындамаларды тіреңіз.
Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу
керек.

Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді

орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін
кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр
сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері
соққыға әкелуі мүмкін.

Егеуқұм қағазымен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы туралы арнайы нұсқаулар
Өлшемі үлкенірек егеуқұм қағазын

пайдаланбаңыз, өндірушінің егеуқұм қағазының
өлшемдеріне қатысты нұсқауларын басшылыққа
алыңыз.
Тегістеу тәрелкесінің жиегінен шығып тұрған
егеуқұм қағазы сыналанудың, жарақаттардың, тегістеу
шеңберінің сынуының себебі болуы мүмкін немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін.

Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы арнайы
қауіпсіздік нұсқаулықтары
Сымды қылшақтың әдеттегі пайдалануда да сым

жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып
артық жүктемеңіз.
Шашылып тұрған сымдар киім
және/немесе теріге қадалуы мүмкін.

Қорғаныш қаптамасының сымды қылшақпен

жанасуына жол бермеңіз. Тәрелке және тостаған
тәрізді щеткалардың диаметрі басу қысымының және
центрифугалық күштердің әсерінен артуы мүмкін.

Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,

жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз.
Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.

Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса

немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш
бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне орнатыңыз.
Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды.

Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.

Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.

Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе

қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.

Өнім және қызмет сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы суды пайдаланбай металдан және тастан
жасалған материалдарды кесуге, сыдырып алуға және
щеткамен өңдеуге арналған.
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін кесуге
арналған арнайы қорғағыш қаптаманы пайдалану керек.
Тасты кесу үшін жеткілікті шаңды соруды қамтамасыз ету
керек.
Арнайы тегістеу құралдарымен тіркесімде электр құралды
егеуқұм қағазымен тегістеу үшін пайдалануға болады.

Бейнеленген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.

1 Шпиндельді бекіту түймесі
2 Қосқыш/өшіргіш
3 Қосымша тұтқа
4 Ажарлау шпинделі
5 Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
6 Қорғайтын қаптаманың бекіту бұрандасы
7 Кесуге арналған қорғағыш қаптама*
8 Дөңгелек қимасы бар тірек фланеці
9 Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері

OBJ_BUCH-976-005.book Page 175 Monday, August 5, 2013 3:06 PM

Advertising