Пайдалану – Bosch PWS 20-230 J User Manual

Page 179

Advertising
background image

Қaзақша | 179

Bosch Power Tools

1 609 92A 0BD | (5.8.13)

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты

электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.

Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын
күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған
электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат
төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі
мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.

Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін сөндіргішті 2 алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.

Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 2
жіберіңіз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта

тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз.
Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.

Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.

Іске қосу тогының шектеулері (PWS 20-230 J)
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Пайдалану нұсқаулары

Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз,

„Статика туралы нұсқаулар“ тарауын қараңыз.

Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,

дайындаманы бекітіңіз.

Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз

салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.

Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.

Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.

Электр құралды абразивті-кесу станинада

пайдаланбаңыз.

Сыдырып тегістеу
Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін

пайдаланбаңыз.

30° – 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.

Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен (құрал) сонымен
бірге дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге
болады.

Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберлері әдеттегі тегістеу
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және тегістеу температурасы азырақ
болады.

Металдарды кесу
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін

әрқашан кесуге арналған қаптаманы 7
пайдаланыңыз.

Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.

Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.

Электр құралды
әрқашан айналу
бағытына кері жүргізу
керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.

Профильдерді немесе
төрт қырлы
құбырларды кесу
кезінде кесуді ең аз
көлденең қимада
бастаңыз.

Тасты кесу
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын

қамтамасыз етіңіз.

Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу

үшін пайдалануға болады.

Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.

Электр құралын тек шаңсорғышпен пайдаланып қосымша
респираторды киіңіз.

Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек.
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.

Электр құралды
өшіріңіз және
бағыттауыштардың
алдыңғы бөлігімен
бөлшекке орнатыңыз.
Электр құралды
біркелкі, материалға
сәйкес берумен
жылжытыңыз.

OBJ_BUCH-976-005.book Page 179 Monday, August 5, 2013 3:06 PM

Advertising