Samsung SM-R350 User Manual

Page 302

Advertising
background image

Қазақ тілі

301

Қайталама әрекеттерден шығатын жарақаттардың тәуекелін

азайту
Пернелерді басу, экранда таңбалардың суретін саусақтарыңызбен

салу сияқты әрекеттерді қайталап орындағанда, қолдарыңызда,

мойныңызда, иықтарыңызда немесе денеңіздің басқа бөліктерінде

ыңғайсыздықты сезінуіңіз мүмкін. Құрылғыны ұзақ уақыт

пайдаланғанда, құрылғыны бос ұстап, пернелерді ақырын басыңыз,

сосын жиі үзіліс жасаңыз. Мұндай қолданыс барысында немесе одан

кейін қолайсыздық жалғасса, құрылғыны пайдалануды тоқтатып,

дәрігерден кеңес алыңыз.

Жүріп не қозғалып бара жатқанда құрылғыны пайдалануда

сақтық шараларын пайдаланыңыз
Өзіңізге не басқаларға жарақат түсірмеу үшін әрдайым сыртқы

жағдайларды біліп отырыңыз.

Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде ұстамаңыз
Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы немесе сізді

жарақаттауы мүмкін.

Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар

жабыстырыңыз
• Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп,

дұрыс жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін.

• Құрылғының бояуына немесе бөлшектеріне аллергияңыз болса,

тері қышуы, қышыма пайда болуы немесе ісуі мүмкін. Мұндай

жағдайда құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден кеңес

алу керек.

Сынған немесе бұзылған болса, құрылғыны пайдаланбаңыз
Сынған әйнек немесе акрил талшық қолдарыңыз бен бетіңізді

жарақаттауы мүмкін. Құрылғыны жөндету үшін Samsung қызмет

көрсету орталығына алып барыңыз.

Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы

тигізбеңіз
• Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не

бөлшектері істемей қалуы мүмкін.

Advertising