Абайлаңыз – Samsung GT-I9300I User Manual

Page 368

Advertising
background image

Қазақ тілі

367

Абайлаңыз

Қауіпсіздік шараларын қолданбау және

ережелерді сақтамау ауыр жарақатқа немесе

меншіктің зақымдалуына әкелуі мүмкін

Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың жанында

пайдаланбаңыз
• Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын

пайдаланады. Құрылғы басқа электрондық құрылғыларға кедергі

келтіруі мүмкін.

• LTE деректер қосылымын пайдаланып дыбыстық жабдық және

телефондар сияқты басқа құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін.

Құрылғыңызды ауруханада, ұшақта немесе радио жиілік

арқылы кедергі келтіруі мүмкін көлік жабдығының жанында

пайдаланбаңыз
• Құрылғы электр кардиостимуляторға кедергі келтіретіндіктен,

құрылғыны электр кардиостимуляторға мүмкіндігінше 15 см

ауқымында пайдаланбаңыз.

• Кардиостимуляторға жасалатын кедергіні азайту үшін, құрылғыны

тек дененің кардиостимулятор орналасқан жағына қарама-қарсы

жерде ғана пайдаланыңыз.

• Медициналық құрылғыны пайдалансаңыз, құрылғыға осы құрал

шығаратын радиотолқындар әсері бар-жоғын анықтау үшін,

құрылғыны қолдану алдында, оны жасаушымен хабарласыңыз.

• Ұшақта электрондық құрылғыларды пайдалану ұшақтың

электрондық навигациялық құралдарына кедергі келтіруі мүмкін.

Әуеге көтерілу және жерге қону кезінде құрылғы өшірулі екенін

тексеріңіз. Әуеге көтерілуден кейін ұшақ қызметкерлері рұқсат

етсе, құрылғыны ұшақ режимінде пайдалануға болады.

• Көлігіңіздегі электрондық құрал-жабдықтар осы құрылғы

шығаратын радиотолқындар әсерінен дұрыс жұмыс істемеуі

мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, өнім жасаушымен

хабарласыңыз.

Advertising