Philips LivingWhites Leuchten-Adapter Starter-Set User Manual

Page 97

Advertising
background image

97

3. Philips LivingWhites қашықтан басқару құралына қосымша лампаларды қосу

Әсерлі жарық реңктерін жасау үшін, басқа Philips LivingAmbiance / LivingWhites өнімдерін Philips

LivingWhites қашықтан басқару құралына қосуға болады. Бір қашықтан басқару құралына 50

өнімге дейін қосуға болады.

Қашықтан басқару құралына бірнеше Philips LivingWhites өнімін (басқа штепсельдік ұштарды,

қуат үнемдегіштерді және шамдарды) жалғауға болады. Philips LivingWhites өнімін қосу

үшін, қашықтан басқару құралын оған жақындатып, «I» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет

жыпылықтайды. Қашықтан басқару құралынан дыбыстық сигнал берілгенше «I» түймесін басып

тұрыңыз; шам екі рет жылдам жыпылықтайды. Ол енді қашықтан басқару құралына жалғанды

және соңғы қолданылған параметрге ауысады.

LivingWhites өнімін қашықтан басқару құралынан ажырату қажет болса, құралды өнімге

жақындатып, «0» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтайды. «0» түймесін қашықтан

басқару құралынан сигнал берілгенше жібермеңіз. Шам баяу сөнеді.

Сонымен қатар, жоғарыда сипатталғандай жолмен осы қашықтан басқару құралына басқа

SmartLink өнімдерін (мысалы, Philips LivingAmbiance, LivingColors) қосуға болады. Өнімнің

қорабында SmartLink логотипі болса, оны осы қашықтан басқару құралына қосуға болады. Бұл

қашықтан басқару құралымен түсті шамның түсін өзгертуге болмайтынын ескеріңіз.

4. Жиі қойылатын сұрақтар

• Штепсельдік ұшқа жалғанатын шамның ең жоғары қуат тұтыну деңгейі қандай?

• 300 Ватт

• Шамды қашықтан басқарудың ең үлкен арақашықтығы қандай?

• Қашықтан басқару құралы кемінде шамдардың біреуінен 10 метр қашықтықта

жұмыс істейді.

• Шам қашықтан басқару құралына бағынбайды. Не істеу керек?

• Қашықтан басқару құралының штепсельдік ұшқа жалғанғанын тексеріңіз (осы

нұсқаулықтың 3.1 бөлімін қараңыз).

• Қашықтан басқару құралының батареяларын тексеріңіз. Батареялар дұрыс орналасқан

(+ және -) және зарядталған болуы керек. Қашықтан басқару құралының барлық

түймелері жыпылықтап тұрса, батареяларды ауыстыру керек.

• Сирек жағдайларда бұл сымсыз желінің (мысалы, сымсыз маршрутизатордың)

шамадан тыс жүктелуінен туындауы мүмкін. Шамдарды маршрутизатордан алшақтатып

көріңіз. Не болмаса, мына әрекеттердің біреуін орындаңыз:

• Осы басқару құралымен байланысқан шамдардың барлығы қосылып

тұрғанын тексеріңіз, әйтпесе бұл әрекеттен кейін олар құралмен

басқарылмайды.

• «I» және үш нүктелі реңк түймесін бір уақытта кемінде 5секунд ұстап

тұру арқылы басқа сымсыз арнаға ауысыңыз (растау үшін, шамдар

жыпылықтайды).

• Бұл әрекетті 3 рет қайталауға болады. Әртүрлі жерлерден орындаған дұрыс.

• Штепсельдік ұштағы көк жарық диоды жыпылықтап тұр. Не істеу керек?

• LivingWhites штепсельдік ұшын розеткадан ажыратып, жыпылықтауы тоқтағанша,

бірнеше секунд күтіңіз. Содан кейін оны қайтадан жалғаңыз.

• Қайтадан жыпылықтай бастаса, 300 Ваттан көп қуат тұтынатын шамға жалғанғанын

білдіреді. Мұндай өнім LivingWhites шамын басқару штепсельдік ұшымен жұмыс істей

алмайды.

Advertising