Қазақ – Vitek VT-3480 GY User Manual

Page 81

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

8

Жадта радиостанцияларды сақтау

Жадта 20 FM және 10 MW-станцияны сақтауға

болады және кейін бір батырманың көмегімен

олардың арасында ауысып жүруге болады.

1. «TUNING» (баптау) тарауының 1-3

қадамдарын қайталаңыз.

2. Станцияны жадта сақтау режиміне өту

үшін «MEMORY/DISP» батырмасын

басыңыз.

MHz

3. Келесі 10 секундтың ішінде «PRESET (\/

немесе /\)» батырмасының көмегімен

қажетті арна нөмірін таңдап алыңыз.

Жадта 1-нөмірдегі арнадан бастап барлық

қалаған станцияларыңызды сақтаңыз.

4. Келесі 10 секундтың ішінде «MEMORY/

DISP» батырмасының көмегімен

станцияларды жадта сақтаңыз.

Егер «MEMORY» индикаторлары және

станция нөмірі жүйе белгіленген нөмірді «есте

сақтағанға дейін» жоғалып кетсе, 2-қадамнан

бастап операцияны қайталаңыз.

5. Енгізілген станцияларды таңдау үшін

немесе өзгерту үшін 1-4 қадамдарды

қайталаңыз.

Егер сіз жадыға жаңа станцияны енгізіп

жатсаңыз, алдыңғы станция автоматты түрде

жойылады.

Ескерту

Электр қорек кенет сөніп қалған жағдайда

баптаулар деректердің сақтығын қамтамасыз

ету функциясының арқасында бірнеше сағат

бойы сақталынады.

Жадта сақталған радиостанцияны қосу

«PRESET (\/ немесе /\)» батырмасының

көмегімен қажетті станцияны таңдап алыңыз.

Магнитофон

Магнитофон жазбаларын ойнату

Магнитофон жазбаларын тыңдау

Тыңдаудың алдында

• Кәдімгі таспаларды немесе шуыл деңгейі

төмен таспаларды пайдаланыңыз

(металлданған немесе хромдалған

жабыны бар таспаларды пайдаланбаған

жөн).

• Төмен сапалы таспаларды немесе C-120

типіндегі таспаларды пайдаланбаңыз,

олар құрылғыны зақымдауы мүмкін.

• Кассетаны кассета салғышқа салулың

алдында қалам немесе қаламсаптың

көмегімен таспаны сәл босатыңыз.

1. Құрылғыны қосу үшін «ON/STANDBY»

батырмасын басыңыз.

2. «TAPE» (магнитофон) батырмасын

басыңыз.

3. «STOP/ EJECT» батырмасын басып,

кассета салғыштың қақпағын ашыңыз.

4. Кассетаны жұмыс жағын жоғары қаратып

салыңыз.

5. «PLAY» батырмасын басыңыз.

6. Айналдыру үшін ойнатуды «STOP/EJECT»

батырмасының көмегімен тоқтатыңыз,

содан кейін «F.FWD» (алдыға айналдыру)

батырмасын немесе «REWIND» (артқа

айналдыру) батырмасын басыңыз.

Ойнатуды уақытша тоқтату (үзіліс)

Ойнату кезінде «PAUSE II» батырмасын

басыңыз.

Ойнатуды жаңарту үшін «PAUSE II»

батырмасын қайта басыңыз.

Ойнатуды тоқтату

«STOP/EJECT» батырмасын басыңыз.

Сақтық шаралары

• Таспа зақымданбау үшін «PLAY ►» (қосу)

және «REWIND» (артқа айналдыру)

батырмасын бірге басуға болмайды.

• Кассетаның көмегімен қандай да бір

операцияларды жүргізбес бұрын «STOP/

EJECT» батырмасын басыңыз.

• Алдыға не артқа айналдыру кезінде

«PAUSE II» батырмасын басуға болмайды.

Ескертулер

• Таспа біткен кезде ойнату автоматты

түрде тоқтайды.

• Егер жылдам алдыға не артқа айналдыру

аяқталғаннан кейін сәйкесінше «F.FWD»

немесе «REWIND» батырмалары

автоматты түрде сөнбесе, онда «STOP/

EJECT» батырмасын басып, оны қолмен

жүргізіңіз.

3480.indd 81

23.04.2007 16:03:25

Advertising