Қазақ – Vitek VT-3480 GY User Manual

Page 84

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

8

• Дыбыс жоғалып кетеді

• Таспаның ілініп қалмауын тексеріңіз

• Жоғары жиіліктер естілмейді

• Лентаның тырналмағанын тексеріңіз

• Дыбыс «қалқып жүр»

• Таспа тартқыш механизм, қысқыш шығыршық

немесе бастиектің кірленбегенін тексеріңіз

• Кассета шықпайды

• Ойнату кезінде электр қорек сөніп қалды,

бастиек таспаға қысылған күйде тоқтап қалған.

Кассета салғышты күшпен ашуға тырыспаңыз

Конденсат

Температураның күрт өзгеруі, жоғары ылғалдылық жағдайларында сақтау немесе пайдалану

аспап ішінде конденсаттың пайда болуына алып келуі мүмкін.

Конденсат аспап жұмысын бұзуы мүмкін. Конденсат пайда болған жағдайда дискіні шығарыңыз

және аспапты розеткаға қосулы күйде 1 сағатқа қалдырыңыз. Қабылдағыштағы конденсатты

құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.

Аспап жұмыс істемейді

Сыртқы қатты ықпалдар (механикалық соққылар, статикалық электрдің разрядтары, кернеудің

күрт тербелістері, найзағай) аспап жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Егер ондай жағдайлар орын алса, келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Аспапты күту режиміне ауыстырыңыз және қайтадан қосыңыз.

2. Егер аспаптың функциясы қалпына келмесе, аспапты желіден ажыратыңыз, ал содан кейін

қайта қосыңыз.

Құрылғыны тасымалдаудың алдында

Құрылғының ішінен компакт-дискіні шығарыңыз. Аспапты күту режиміне ауыстырыңыз. Аспапты

дискімен бірге тасымалдау ұсынылмайды.

Компакт-диск күтімі

Компакт-дискілер бірнеше қорғау дәрежелерімен жасақталған, алайда оның бетіне кір жиналса,

тректер оқылмауы мүмкін.

Дискінің және ойнатқыштың қызмет мерзімін ұзарту үшін төменде көрсетілген нұсқаулықтарды

орындаңыз:

• Дискінің екі жағында ешқандай жазба жүргізбеңіз, әсіресе жапсырмасы жоқ бетте.

• Компакт-дискіні күн сәулесінің, жоғары температураның, үлкен ылғалдылықтың әсеріне

ұшыратпаңыз.

• Әрқашан дискіні шетінен ұстаңыз. Кір, су, бармақтардың іздері дискіні сапасыз ойнатудың

себебі болуы мүмкін. Кірленген дискілерді құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіңіз, радиусы

бойынша: орталықтан шеттеріне қарай.

Техникалық қызмет көрсету

Диск салғышты тазалау

Диск салғышты үнемі құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіп отырыңыз. Тазалау үшін әлсіз сабынды

суды пайдалануға болады. Содан кейін міндетті түрде құрғата сүртіңіз.

Назар аударыңыз!

• Химиялық жуу құралдарын немесе еріткіштерді (бензин, скипидар және т.б.) пайдаланбаңыз.

Сіз бөлім жабынын зақымдауыңыз мүмкін.

• Аспаптың ішіне май тамызбаңыз. Бұл аспапты зақымдайды.

3480.indd 84

23.04.2007 16:03:25

Advertising