Samsung SM-T211 User Manual

Page 243

Advertising
background image

Қазақ тілі

242

Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде

ұстамаңыз

Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы немесе сізді

жарақаттауы мүмкін.

Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгерпеңіз немесе

жөндемеңіз

Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер өндірушінің

кепілдігін жарамсыз етеді. Құрылғыға қызмет көрсету қажет болса,

құрылғыны Samsung қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.

Жарылуға не өрттің шығуына себеп болатындықтан, батареяны

бөлшектемеңіз немесе теспеңіз.

Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар

жабыстырыңыз

Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп,

дұрыс жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін. Құрылғының бояуына

немесе бөлшектеріне аллергияңыз болса, тері қышуы, қышыма пайда

болуы немесе ісуі мүмкін. Мұндай жағдайда құрылғыны пайдалануды

тоқтатып, дәрігерден кеңес алу керек.

Құрылғыңызды тазалаған кезде:

Құрылғыңызды не зарядтағышты сүлгімен не шүберекпен сүртіңіз.

Батарея ұштарын мақта тампонмен немесе орамалмен тазалаңыз.

Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз.

Экран сызылған немесе сынған болса, құрылғыны

пайдаланбаңыз

Сынған әйнек немесе акрил талшық қолдарыңыз бен бетіңізді

жарақаттауы мүмкін. Құрылғыны жөндету үшін Samsung қызмет

көрсету орталығына алып барыңыз.

Құрылғыны арналған мақсатына пайдаланудан басқа

мақсатқа пайдаланбаңыз

Құрылғыны қоғамда пайдаланған кезде басқаларын

мазаламаңыз

Балаларға құрылғыңызды пайдалануға рұқсат етпеңіз

Құрылғыңыз ойыншық емес. Балаларға онымен ойнауға рұқсат

бермеңіз, себебі олар өздерін жарақаттап алуы немесе құрылғыны

зақымдауы мүмкін.

Advertising