Samsung SM-T211 User Manual

Page 244

Advertising
background image

Қазақ тілі

243

Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен

орнатыңыз

Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға

қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.

Құрылғыны немесе көмекші құралдарды ауа жастық шығатын

аймақтарға орналастырмаңыз. Ауа жастықтары дереу шыққан кезде,

дұрыс орнатылмаған сымсыз құрылғы денеңізді едәуір жарақаттауы

мүмкін.

Құрылғыңызды тек білікті мамандар ғана жөндесін

Біліксіз мамандарға құрылғыңызды жөндеттіру салдарынан

құрылғыңыз зақымдануы мүмкін және өндіруші кепілдігі жарамай

қалады.

SIM карталарын немесе жад карталарын ұқыпты

пайдалану

Құрылғы белгілі бір ақпаратты жіберіп немесе қабылдап

жатқан кезде картаны шығарып алуға болмайды, себебі бұл

әрекет деректердің жойылуына және/немесе картаның немесе

құрылғының зақымдалуына себеп болуы мүмкін.

Карталарды қатты соққылардан, статикалық электрден және басқа

құрылғылардың электр әсерінен қорғаңыз.

Сары байланыстарына немесе терминалдарына саусағыңызды

немесе металл заттарды тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда, оны

жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.

Төтенше қызмет орындарына қоңырау шалынатынын

тексеріңіз

Құрылғыңыздан төтенше қызмет орындарына кейбір аймақтарда

немесе жағдайларда қоңырау шалынбауы мүмкін. Қолданыс

аясынан тыс немесе дамымаған аумақтарға саяхатқа шығар алдында

төтенше қызмет қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа әдісін

жоспарлаңыз.

Жеке және маңызды деректеріңізді қауіпсіз ұстау

Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық

көшірмесін жасап қойыңыз. Samsung компаниясы кез келген дерек

жоғалуы үшін жауапты болмайды.

Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің

сақтық көшірмесін жасап, жеке деректеріңізді басқа пайдалануға

жол бермеу үшін құрылғыңыздың зауыттық мәндерін қалпына

келтіріңіз.

Advertising