1 маңызды ақпарат, 2 кіріспе, 3 алдын ала орнатылған түймелер – Philips HR7772 User Manual

Page 8: 4 ас комбайны, 6 блендер, 7 тазалау, 8 кепілдік және қызмет көрсету, Қазақша

Advertising
background image

Қазақша

1 Маңызды ақпарат

Құралды қолданар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығып, болашақта анықтама

ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар

Мотор бөлімін суға салуға немесе оны ағын су астында шаюға болмайды.

Абайлаңыз!

Құрал істеп тұрғанда, азық салатын түтікке азықты саусақпен немесе басқа затпен

(мысалы, күрекше) тықпаңыз. Тек тығындағышты пайдаланыңыз.

Құралды розеткаға жалғамас бұрын, құралдың астында көрсетілген кернеудің

жергілікті розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.

Қауіпті жағдай орын алмауы үшін, бұл құралды таймер арқылы істетпеңіз.

Қуат сымы, штепсель немесе басқа бөлшектер зақымданған болса, құралды

қолданбаңыз.

Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips

компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар

ауыстыруы керек.

Қозғалу, сезу немесе ойлау қабілеті төмен, тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар

(соның ішінде балалар) бұл құралды қауіпсіздігі үшін жауапты адамның

қадағалауынсыз немесе осы құралды пайдалану туралы нұсқауларсыз пайдаланбауы

керек.

Қауіпсіздік мақсатында балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.

Құралдың қадағалаусыз істеп тұруына жол бермеңіз.

Блендер құмырасының немесе тостағанының қабырғаларына азық жабысып қалса,

құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз. Жабысып қалған азықты күрекшемен алып

тастаңыз.

Дискілерді, тағам процессорының пышақ бөлігін, үлкен шырын сыққыш торын және

блендердің пышақ бөлігін ұстағанда немесе тазалағанда абайлаңыз. Жүздері өте

өткір.

Пышақтардың жүзін ұстамаңыз (әсіресе құрал қуат көзіне қосулы тұрған кезде).

Пышақтар өте өткір.

Пышақ кептеліп қалған жағдайда, пышаққа тұрып қалған азықты алмас бұрын

құралды розеткадан ажыратыңыз.

Ескерту

Құралды блендер құмырасын, тостағанды немесе олардың қақпақтарын бұрап

өшірмеңіз. Құралды әрқашан тұтқаны ӨШІРУ позициясына бұрау арқылы өшіріңіз.

Қолданып болған соң құралды дереу розеткадан ажыратыңыз.

Блендер құмырасына саусақ немесе басқа зат (мысалы, күрекше) салмас бұрын

құралды розеткадан ажыратыңыз.

Тостағанның немесе құмыраның қақпағын ашпас бұрын құралдың жылжымалы

бөлшектерінің тоқтауын күтіңіз.

Құмыраның немесе тостағанның ең жоғарғы көрсеткішінен асырмаңыз.

Құралды алғаш қолданар алдында, азыққа тиетін бөлшектерді жақсылап тазалаңыз.

Пышақ бөлігін, илеу құралын, қос қабатты көпірткішті, шағын шырын сыққышты,

дискілерді, цитрус сыққышты немесе үлкен шырын сыққыш торын алмастан немесе

тазаламастан бұрын құралды тоқтан суырыңыз.

Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы нақты ұсынбаған қосалқы

құралдар мен бөлшектерді ешқашан пайдаланбаңыз. Ондай қосалқы құралдар мен

бөлшектерді пайдалансаңыз, құралдың кепілдігі өз күшін жояды.

Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.

Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген көлемдер мен өңдеу уақытынан

асырмаңыз.

Ыстық азықтарды өңдемес бұрын суытып алыңыз (< 80 °C).

Әр партияны өңдегеннен кейін құралды міндетті түрде бөлме температурасына

дейін суытып алыңыз.

Сәбіз сияқты кейбір ингредиенттер бөлшек беттерінің түстерін өзгертуі мүмкін.

Бұл бөлшектерге кері әсер етпейді. Бөлшек түсі әдетте белгілі бір уақыттан кейін

қалпына келеді.

Шу деңгейі: Lc = 85 дБ [A]

Электро магниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге (EMF) қатысты барлық талаптарға

сәйкес келеді. Нұсқаулықта көрсетілгендей және ұқыпты қолданылған жағдайда, құралды

пайдалану қазіргі ғылыми дәлелдер негізінде қауіпсіз болып табылады.

Қайта өңдеу

Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен

бөлшектерден жасалған.

Өнімде үсті сызылған дөңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі болса, өнім Еуропалық 2002/96/

EC директивасына кіретінін білдіреді.

Өнімді еш уақытта басқа тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Электр және

электрондық өнімдердің бөлек жиналуы туралы жергілікті ережелермен танысыңыз. Ескі

өнімді қоқысқа дұрыс әдіспен тастау арқылы қоршаған ортаны және адам денсаулығын

сақтап қалуға болады.

2 Кіріспе

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз!

Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome

торабында тіркеңіз.

Құралдың ішіне қауіпсіздік құлпы орнатылған. Құралды мотор бөліміндегі келесі

бөлшектерді дұрыс жинағанда ғана қосуға болады:

• ас комбайнының тостағаны және оның қақпағы; немесе

• блендердің құмырасы және оның қақпағы; немесе

• цитрус сыққыш немесе

• үлкен шырын сыққыш ыдысы және оның жұптау бөлігі (тек HR7778) немесе

• шағын шырын сыққыш және оның қақпағы (тек HR7777)

Бұл бөлшектер дұрыс жиналған болса, ішке орнатылған қауіпсіздік құлпы ашылады.

Рецептілер алу үшін, www.philips.com/kitchen торабына өтіңіз.

3 Алдын ала орнатылған түймелер

Ескертпе

Басқару тұтқасы P, ӨШІРУ позициясына немесе жылдамдық параметріне (1-12) орнатылғанда

Алдын ала орнатылған түймелер жұмыс істемейді.

Алдын ала орнатылған түймені басқаннан кейін тұтқаны жылдамдық параметріне (1-12)

бұрасаңыз, алдын ала орнатылған функция ажыратылады.

Басқа екі алдын ала орнатылған бағдарламаны бір алдын ала орнатылған бағдарлама іске

қосылып тұрғанда қосу мүмкін емес.

Алдын ала орнатылған түймелер тек оңтайлы жылдамдық параметрлерін береді. Үздік

нәтижелерге қол жеткізу үшін, 1-суреттегі ұсынылған мөлшер мен өңдеу уақытын қараңыз.

Барлық алдын ала орнатылған түймелер құрылғыны шамадан артық пайдаланылудан қорғау үшін

автоматты түрде тоқтау таймерімен жабдықталған.

Илеу алдын ала орнатылған түймесінде әрбір дайындау циклінен кейін автоматты салқындату

кезеңі бар. Бұл кезеңде түйме жыпылықтайды және функцияны іске қосу мүмкін болмайды.

Алдын ала орнатылған түймелерді қосу үшін, тұтқаны ҚОСУ позициясына бұраңыз. Үш

алдын ала орнатылған түйме пайдалануға дайын екенін білдіру үшін пульсті әсермен

жанады.

Алдын ала орнатылған түймелер келесі функцияларды қамтиды:

: Қамырды илеу.

: Крем мен жұмыртқа ағын шайқау немесе көпірту.

: Мұзды ұсақтау.

Іске қосу үшін, керекті алдын ала орнатылған түймені басыңыз. Тоқтату үшін сол түймені

қайтадан басыңыз.

4 Ас комбайны

Абайлаңыз

Құрал істеп тұрғанда, азық салатын түтікке азықты саусақпен немесе басқа затпен (мысалы,

күрекше) тықпаңыз. Тек тығындағышты пайдаланыңыз.

Пышақтар

Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 2.

Пышақтардың көмегімен азықтарды турауға, араластыруға, шайқауға немесе олардан

езбе жасауға болады. Сондай-ақ, оны торт қамырын араластыру және шайқау үшін

пайдалануға болады.

Ескертпе

Ингредиенттерді салар алдында пышақ бөлігін әрқашан ыдысқа салыңыз.

Пышақтармен кофе дәндері, куркума, мускат жаңғағы және мұз бөліктері сияқты қатты азықтарды

ұсақтамаңыз, себебі бұл пышақтың өткірлігіне әсер етеді.

(Қатты) ірімшік немесе шоколад тураған кезде, құралды ұзақ істетпеңіз. Әйтпесе, бұл азық

түрлері қызып, ериді де, кесектеніп кетеді.

Кеңес

Азықтың үлкен кесектерін алдын ала 3 x 3 x 3 см етіп бөліп алыңыз.

Пияздарды кескенде, әр пиязды төрт бөлікке бөліп, оларды ыдысқа салыңыз. Пияздар өте ұсақ

болып кетпеуі үшін тұтқаны P позициясына бірнеше рет бұраңыз.

Пышаққа немесе тостаған ішіне тұрып қалған тамақты қалай алуға болады? 1. Құралды өшіріп,

розеткадан ажыратыңыз. 2. Тостағанның қақпағын ашыңыз. 3. Пышақтағы немесе тостағанның

ішіндегі азықты күрекшенің көмегімен тазалаңыз.

Илеу құралы

Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 3.

Нан немесе пиццаларға арналған ашытылған қамырды илеу үшін илеу құралын қолдануға

болады. Қамырды ылғалдылық және температура жағдайына сай жасау үшін, сұйықтық

мөлшерін реттеуіңіз керек.

Ескертпе

Торт қамырын шайқау үшін илеу құралын пайдалануға болмайды. Бұл жұмысқа пышақ бөлігін

пайдаланыңыз.

Ингредиенттерді салар алдында әрдайым шайқауға арналған қосымша бөлшектерін ыдыстың

ішіне салыңыз.

Тұтқаны ҚОСУ позициясына бұрап, бастау үшін илеу алдын ала орнатылған түймесін

басыңыз. Қамыр дайын болғанда тоқтату үшін түймені қайтадан басыңыз.

Қос қабатты көпірткіш

Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 4.

Қос қабатты көпірткішті бадан кекстері мен меренгаға жұмыртқаның ағын көпірту үшін

және десерт пен торттарға кремді шайқау үшін пайдалануға болады.

Ескертпе

Сары маймен немесе маргаринмен торт қамырын шайқау үшін қос қабатты көпірткішті

пайдалануға болмайды. Бұл жұмысқа пышақ бөлігін пайдаланыңыз.

Жұмыртқаның ағын көпірткенде, ыдыс пен қос қабатты көпірткіштің құрғақ және майсыз екенін

тексеріңіз.

Қос қабатты көпірткішті қолданып болған бойда тазалаңыз.

Тұтқаны ҚОСУ позициясына бұрап, бастау үшін шайқау/көпірту алдын ала орнатылған

түймесін басыңыз. Крем немесе жұмыртқаның ағы толық дайын болғанда тоқтату үшін түймені

қайтадан басыңыз.

Дискілер

Бастамастан бұрын, қажетті дискіні келесіден таңдап, оны келесі суреттерге сай

жинағаныңызды тексеріңіз: 5:

Сәйкестендірілетін турау дискісі

Екі жақты кесу дискісі (майда және ірі)

Жюльен дискісі (тек HR7778)

Қуырылған картоп дискісі (тек HR7778)

Түйіршіктеу дискісі (тек HR7778)

Ескерту

Дискінің кесу пышағын ұстағанда абайлаңыз. Онда өте өткір кесу жүзі бар.

Дискіні ешқашан мұз текшелері сияқты қатты азықтарды өңдеу үшін пайдаланбаңыз.

Азық салынатын түтіктің ішіне азықтарды тығындағышпен күш салып тығындамаңыз.

Ескертпе

Ингредиенттерді беру түтігіне итергішпен салыңыз. Жақсылап туралуы немесе үгітілуі үшін,

азық салатын түтікті бірқалыпты етіп толтырыңыз. Азықты көп мөлшерде өңдеу керек болса,

онда кішкене партиялармен өңдеңіз және тостағанды партиялар арасында босатып отырыңыз.

Цитрус сыққыш

Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 6.

Цитрус сыққышты цитрус жемістерін сығу үшін пайдалануға болады.

Ескертпе

Цитрус сыққыш торын ыдыстағы сапқа қойыңыз. Тордағы қорғаныстың ыдыс тұтқасындағы ұяға

бекітілгенін тексеріңіз. Тор дұрыс бекітілгенде сырт еткен дыбыс естіледі.

Жұмыс кезінде конус айнала бастайды.

Цитрус жемісін конусқа итере бастаңыз. Тордан дәнектерді алып тастау үшін, сығуды анда

санда тоқтатып отырыңыз. Сығып болғанда немесе дәнектерді алып тастағыңыз келсе, тұтқаны

ӨШІРУ позициясына бұрап, тор мен конус орнатылған шырын ыдысты құралдан алыңыз.

Шағын шырын сыққыш

(тек HR7777)

Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 7.

Шағын шырын сыққышты сәбіз, алма, қарбыз және жүзім сияқты көкөністер мен

жемістердің кіші бөлігінен шырын дайындау үшін пайдалануға болады.

Ескерту

Азық салынатын түтіктің ішіне азықтарды тығындағышпен күш салып тығындамаңыз.

Ыдысты ең жоғарғы көрсеткіштен артық толтырмаңыз.

Сәбіз және қызылша сияқты ингредиенттерді өңдегенде шағын шырын сыққыштың түсі өзгеруі

мүмкін.

Ескертпе

Ингредиенттерді өңдеместен бұрын, қара өріктен, сары өріктен, шабдалыдан және шиеден

барлық дәндерді алыңыз, ананастан, қауыннан, т.б. барлық қатты қабықты алыңыз.

Апельсин, лимон және грейпфрут сияқты цитрус жемістері үшін жаңа цитрус шырынын

дайындауға цитрус сыққышты пайдалану ұсынылады.

Қолданып болған соң қабық алғышты босату үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Оңай

тазалау мақсатында артық қабықты алу үшін сүзгі барабанынан көтеріңіз.

5 Үлкен шырын сыққыш (тек HR7778)

Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 8.

Сәбіз, алма, қарбыз, алмұрт, жүзім және ананас сияқты жемістер мен көкөністердің 1,5

кг-нан шырын дайындау үшін үлкен шырын сыққышты пайдалануға болады.

Ескерту

Тамақ салатын түтікке ешқашан қолыңызды немесе басқа затты (мысалы, шанышқы,

пышақ, қасық немесе қалақша) салмаңыз. Бұл мақсат үшін тек құралмен берілген итергішті

пайдаланыңыз.

Қақпақты алмастан бұрын тордың айналуы толық тоқтағанша күтіңіз.

Ескертпе

Пайдаланбастан бұрын торды әрқашан тексеріңіз. Жарық, сынық немесе торы бос диск сияқты

қандай да бір зақымды байқасаңыз, шырын сыққышты пайдаланбаңыз.

Ингредиенттерді өңдеместен бұрын, қара өріктен, сары өріктен, шабдалыдан және шиеден

барлық дәндерді алыңыз, ананастан, қауыннан, т.б. барлық қатты қабықты алыңыз.

Шырын сыққыш ыдысына қақпақты дұрыс бекіткенде сырт еткен дыбыс естисіз.

6 Блендер

Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 9.

Блендер функциялары:

Сүт өнімдері, тұздықтар, жеміс-жидек шырындары, сорпа, сусындар, коктейльдер

сияқты сұйықтықтарды шайқау.

Құймаққа арналған сұйық қамырды дайындау.

балалар тағамы сияқты піскен азықтардан пюре жасау.

Мұзды ұсақтау.

Ескертпе

Блендер құмырасының тұтқасына күш салмаңыз.

Блендер қосылып тұрғанда, құмыраға қолыңызды немесе басқа затты салмаңыз.

Пышақтарды блендер құмырасына тақпас бұрын оған сақина тығыздағышты салыңыз.

Өңдеу барысында сұйық азықтарды қосу үшін, оларды блендер құмырасына азық салынатын

тесік арқылы құйыңыз.

Өңдемес бұрын, қатты азықты кішкентай етіп бөлшектеп алыңыз.

Көп мөлшерде дайындау керек болса, бірден көп азық салмай, кішкентай партияларға бөліңіз.

Тасымауы үшін: ыстық немесе көбіктенетін (мысалы, сүт) сұйықтықтарды өңдегенде, блендер

құмырасына 1 литрден артық сұйықтық құймаңыз.

Нәтиже қанағаттандырмаса, құралды өшіріп, азықтарды күрекшемен араластырыңыз. Азырақ

көлемін өңдеу немесе сұйықтық қосу үшін, кішкене бөлігін алып тастаңыз.

Азықтарды блендер құмырасына жоғарғы деңгейден асырмай салыңыз.

Мұзды ұсақтау үшін тұтқаны ҚОСУ позициясына бұрап, мұз алдын ала орнатылған түймесін

басыңыз. Тоқтату үшін түймені қайтадан басыңыз.

7 Тазалау

Абайлаңыз

Құралды тазаламас бұрын оны розеткадан ажыратыңыз.

Ескерту

Пышақтар мен дискілер жүздерінің қатты заттарға тимеуін қадағалаңыз. Бұл пышақты мұқалтуы

мүмкін.

Жүздері өте өткір. Тағам процессорының пышақ бөлігін, блендердің пышақ бөлігін және

дискілерді тазалағанда абайлаңыз.

1

Моторды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

2

Басқа бөлшектерді ыстық суға (< 60 ºC)

біраз жуу сұйықтығын қосып немесе ыдыс жуғышта жуыңыз.

8 Кепілдік және қызмет көрсету

Проблема болса, қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса , www.philips.com/support

торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүние жүзілік кепілдік кітапшасынан табуға болады.

Егер еліңізде тұтынушыларға қолдау көрсету орталығы болмаса, онда жергілікті Philips

компаниясының дилеріне барыңыз.

Advertising