Пайдалануға қатысты сақтық ескертулері, Орнатуға қатысты нұсқаулар, Сүзгіге қатысты нұсқаулар – Sharp KC-A60EU W User Manual

Page 159

Advertising
background image

K-3

ҚА

ЗАҚША

ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ САҚТЫҚ ЕСКЕРТУЛЕРІ

Сору тесігін жəне/немесе ауа шығару тесігін бітемеңіз.
Қондырғыны пештер немесе жылытқыштар сияқты ыстық нəрселердің маңында немесе

үстінде немесе будың əсеріне ұшырауы мүмкін жерлерде пайдаланбаңыз.

Қондырғыны əрдайым тік күйде пайдаланыңыз.
• Қондырғыны қозғаған кезде екі жағындағы тұтқаларынан ұстаңыз.

Қондырғыны жұмыс істеп тұрғанда қозғамаңыз.
Дөңгелектері арқылы сүйреген кезде негізгі қондырғыны қозғамаңыз немесе бағытын өзгертпеңіз.
Оны жоғары көтеріп, татами төсеніші, жылдам зақымданатын еден, біркелкі емес орын жəне

қалың түкті кілем сияқты ақырын жылжытыңыз.

Дөңгелегі арқылы орнынан қозғаған кезде, оны көлденең бағытта баяу қозғаңыз.
Қозғаған кезде, жұмыс істеп тұрмағанынан көз жеткізіңіз жəне қондырғының жанындағы

тұтқадан ұстау арқылы су багы мен ылғалдандырғыш науаны алып тастаңыз.

Су багын алар кезде, саусақтарыңыздың қысылып қалмауына көңіл бөліңіз.
• Сүзгілері, су багы жəне ылғалдандырғыш науасы орнатылмаған болса, қондырғыны пайдаланбаңыз.
• HEPA сүзгісін жуып, қайта пайдаланбаңыз.

Бұлай ету сүзгілеу қасиеттерін нашарлатып қана қоймай, электр тогының соғуына немесе

ақаудың пайда болуына əкелуі мүмкін.

• Сырт жағын тек жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.

Тез ұшып кететін сұйықтықтарды жəне/немесе тазалағыш заттарды пайдаланбаңыз.

Қондырғының сыртқы қабаты зақымдалуы немесе шытынауы мүмкін.

Бұған қоса, осының салдарынан сенсорлар істен шығуы мүмкін.
• Қажетті техникалық қызмет көрсету жиілігі (қақты кетіру үшін) пайдаланылатын судың

қаттылығына немесе ластығына байланысты келеді, су қатты болған сайын қақты

кетіру жұмысын жиі жүргізу қажет болады.

• Қондырғыға су тигізбеңіз.

ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛАР

• Қондырғыны пайдаланған кезде, электр кедергілерін болдырмау үшін теледидарлар

немесе радиолар сияқты электр толқындарын пайдаланатын жабдықтан, кем дегенде,

2м қашықтықта қойыңыз.

• Сенсордың желдің əсеріне ұшырауы мүмкін жерден алшақ болыңыз.

Қондырғы дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін.
• Жиһаз, маталар немесе өзге де бұйымдар ауа сору жəне/немесе ауа шығару тесіктеріне

тиюі немесе кедергі жасауы мүмкін жерлерде пайдаланудан бас тартыңыз.

• Қондырғыны конденсат немесе оқыс температура құбылыстары əсер етуі мүмкін

жерлерде пайдаланудан бас тартыңыз. Оңтайлы жағдай бөлме температурасы 5 - 35 ºC

аралығында болғанда орнайды.

• Жеткілікті ауа айналымы бар орнықты орынға қойыңыз.

Қондырғыны қалың кілем жайылған орынға қойған кезде, қондырғы аздап дірілдеуі мүмкін.

Су багы жəне/немесе ылғалдандырғыш науадан судың ағуын болдырмау үшін қондырғыны

тегіс орынға қойыңыз.

• Май немесе май түтіні шығып жатқан жерлерге қоймаңыз.

Қондырғының сыртқы қабаты шытынауы немесе сенсор істен шығуы мүмкін.
• Ауа ағымының тиісті деңгейде болуы үшін қондырғыны жардан шамамен 30 см алшақ қойыңыз.

Ауа шығару тесігінің дəл артындағы жар уақыт өте келе ластануы мүмкін. Қондырғыны бір

жерде ұзақ уақыт бойы пайдаланған кезде, жарды жүйелі түрде тазалаңыз жəне жардың

ластанбауы үшін винильді қаптамамен қорғаңыз.

СҮЗГІГЕ ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛАР

Сүзгілерді дұрыс күту жəне жөндеу үшін осы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз.

OM_KC-A60EU_Kaz.indd Sec1:3

OM_KC-A60EU_Kaz.indd Sec1:3

10/1/12 9:52 AM

10/1/12 9:52 AM

Advertising
This manual is related to the following products: