Сымсыз желі (жалғастыру) қауіпсіздік ақпараты, Қазақша – HP DeskJet 3700 User Manual

Page 41

Advertising
background image

41

USB байланысынан сымсыз байланысқа өзгертуді қалаған жағдайда

Алдымен, принтердің бағдарламалық құралы сәтті орнатылғанын тексеріңіз.

Windows

1. Принтердің бағдарламалық құралын ашу үшін жұмыс үстеліндегі принтер белгішесін екі рет басыңыз немесе келесі

әрекеттердің бірін орындаңыз:

• Windows 10: Start (Бастау) түймесін басып, All apps (Барлық қолданбалар) тармағын таңдап, HP түймесін басыңыз,

содан соң принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.

Windows 8.1: Start (Бастау) экранының сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер атауы бар

белгішені таңдаңыз.

Windows 8: Start (Бастау) экранында экрандағы бос аймақты тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарламалар

тақтасындағы All Apps (Барлық қолданбалар) түймесін басып, кейін принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.

• Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Start (Бастау) мәзірінен All Programs (Барлық бағдарламалар) немесе

Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдап, HP түймесін басыңыз, содан соң принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.

2. Принтердің бағдарламалық құралында Tools (Құралдар) түймесін басыңыз.
3. Device Setup & Software (Құрылғыны орнату және бағдарламалық құрал) түймесін басыңыз.
4. Convert a USB connected printer to wireless (Принтердің USB байланысын сымсыз байланысқа ауыстыру) тармағын

таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Mac

Принтердің бағдарламалық құрал байланысын сымсыз байланыс түріне өзгерту үшін Applications/HP (Қолданбалар/HP)

тармақтарындағы HP Utility (НР қызметтік бағдарламасы) мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Егер принтерді маршрутизаторсыз сымсыз пайдаланғыңыз келсе

Маршрутизаторсыз компьютеріңізден, смартфоныңыздан немесе басқа сымсыз қосылған құрылғыдан сымсыз

басып шығару үшін Wi-Fi Direct функциясын пайдаланыңыз. Wi-Fi Direct мүмкіндігін компьютерден пайдалану үшін

компьютерде принтердің бағдарламалық құралы орнатылған болуы қажет.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct шамы өшірулі болса, Wi-Fi Direct функциясын қосу үшін Wi-Fi Direct түймесін (

) басыңыз.

Wi-Fi Direct қосулы кезде Wi-Fi Direct шамы қосылады.

2. Wi-Fi Direct нұсқаулығын басып шығару үшін Wi-Fi Direct түймесі (

) мен Information (Ақпарат) (

) түймесін бірге

басыңыз.

3. Компьютерді немесе мобильді құрылғыны принтерге жалғау үшін Wi-Fi Direct нұсқаулығындағы нұсқауды

орындаңыз.

4. Компьютерден немесе мобильді құрылғыдан әдеттегідей басып шығарыңыз.

Ескертпе: Wi-Fi Direct байланысымын интернетке кірілмейді.
Қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/wifidirectprinting мекенжайы бойынша HP Wi-Fi Direct Printing веб-

сайтына кіріңіз.

Бұл өнім кез келген пайдаланушы кіру немесе принтерді пайдалану мүмкіндігі бар ашық орталарда (мысалы, жалпыға

қол жетімді Интернетке қосылмаған үйлерде) пайдалану үшін жасалған. Нәтижесінде Wi-Fi Direct параметрі әдепкі

бойынша «Автоматты» режимде, әкімшінің құпия сөзінсіз болады; бұл сымсыз қосылым ауқымындағы кез келген

пайдаланушыға принтердің барлық функциялары мен параметрлеріне қосылуға және кіруге мүмкіндік береді. Егер

қауіпсіздіктің жоғарырақ деңгейі қажет болса, HP компаниясы Wi-Fi Direct қосылым әдісін «Автоматты» параметрден

«Қолмен» параметріне өзгертіп, әкімшінің құпия сөзін орнатуды ұсынады. Қауіпсіздік параметрлерін енгізілген веб-

серверден (EWS) өзгертуге болады. Қосымша ақпарат алу үшін электрондық анықтамаға өтіңіз.

Принтерді желіде бірнеше компьютермен ортақ пайдаланғыңыз келген жағдайда

Алдымен, принтерді бастапқы желіге орнатыңыз. Принтер үй желісіне сәтті қосылғаннан кейін, принтерді осы желідегі

басқа компьютерлермен ортақ пайдалана аласыз. Әрбір қосымша компьютерге HP принтерінің бағдарламалық құралын

орнату қажет. Бағдарламалық құралды орнату кезінде Connection Options (Қосылым параметрлері) экранынан Wireless

(Сымсыз байланыс) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Сымсыз желі (жалғастыру)

Қауіпсіздік ақпараты

Тек HP компаниясы ұсынған қуат сымын және қуат адаптерін (берілген болса) пайдаланыңыз.

Қазақша

Advertising
This manual is related to the following products: