Қазақша – Philips HD9171 User Manual

Page 72

Advertising
background image

72

Кіріспе

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips

компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өнімді www.philips.com/welcome

веб-торабында тіркеңіз.

Жалпы сипаттама (Cурет 1)

1 Басқару панелі

- a Турбо шамы

- b Бу себетінің түймелері (1, 2, 3)

- c Шам дөңгелегі бар таймерді реттеу тұтқасы тетігі

- d Бастау/тоқтату және уақытша тоқтату түймесі

- e «Жылы сақтау» шамы

- f «Су ыдысы бос» шамы

- g Таймер көрсеткіші

2 Су ыдысы бар негізгі бөлік

3 Тамшы науасы

4 Арома демдегіш

5 Кішкентай бу себеті (1)

6 Орташа бу себеті (2)

7 Үлкен бу себеті (3)

8 Сорпа ыдысы

9 Қақпақ

10 Бу тесігі

11 Қақпақ тұтқасы

12 Алынбалы ыдыс түбі

13 Суды қайта толтыру шүмегі

14 Сымды сақтайтын орын
Ескертпе Бу себеттері 1-ден 3-ке дейін нөмірленген. Бу себеттерінің нөмірлерін олардың

тұтқаларынан табасыз. Үлкенірек себетті кішірек себеттің үстіне қоюыңызға болады, бірақ

логикалық үлкею ретімен қойсаңыз себеттер жақсы сәйкес келеді: ең кіші себет (1) бірінші,

одан кейін орташа себет (2), одан кейін үлкен себет (3).
Ескертпе Сорпа ыдысы үлкен себетпен (3) бірге қолдануға өте ыңғайлы.
Ескертпе Тамшы науасын әрқашан бу себеттерінің астында пайдаланыңыз және бу себеттері

ғана тағаммен толтырылады.

Маңызды

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта

анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

Қауіпті жағдайлар

- Негізгі бөлікті суға батыруға немесе оны ағынды сумен шаюға болмайды.

абайлаңыз

- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес

келетінін тексеріп алыңыз.

- Құралды тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз. Штепсельдік ұштың розеткаға дұрыс

жалғанғанын әрдайым тексеріңіз.

- Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқаруға

арналмаған.

- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.

ҚазаҚша

Advertising
This manual is related to the following products: