Philips HD9171 User Manual

Page 76

Advertising
background image

Ескертпе Бумен пісіру процесінің алғашқы 5 минутында турбо шамы жанады. Бұл бумен

пісіргіштің жылдам қызу үшін қосымша қуатты пайдаланатынын көрсетеді.

3

Бумен пісіру процесі аяқталғанда, құрал 5 рет сигнал шығарады және жылы сақтау

режиміне автоматты түрде ауысады («Жылы сақтау» бөлімін қараңыз).

4

Қолданғаннан кейін қақпақты абайлап алыңыз.

Қақпағын ашқанда, құралдан ыстық бу шығады. Одан абай болыңыз.
Ескертпе Күйіп қалмау үшін, қақпақты алғанда пеш қолғаптарын киіңіз. Қақпақты жайлап,

өзіңізден алыс алыңыз. Қақпақтың жиналған тамшыларын бу себетіне ағызыңыз.
Ескертпе Тамақты бу себеттерінен алу үшін, ұзын сапты ас үй құралдарын пайдаланыңыз.

5

Бу себетін шығарғанда, ондағы жиналған суды астындағы бу себетіне немесе тамшы

науасына ағызыңыз.

6

Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткадан ажыратып, тамшы науасын (1) алмас бұрын,

бумен пісіргішті толық суытып алыңыз.

7

Әрбір қолданыстан кейін су құтысын негізді артқа қисайтып, суын негіздің артынан төгу

арқылы босатыңыз (Cурет 3).

Тамшы науасын алғанда және су ыдысын босатқанда абайлаңыз, себебі екеуіндегі су

құралдың басқа бөліктері суыған болса да әлі ыстық болуы мүмкін.
Ескертпе Бумен пісіру кезінде су таусылып қалса, «су ыдысы бос» шамы жанады және шам

дөңгелегі су ыдысын қайта толтыру керектігін көрсетіп жыпылықтай бастайды (Cурет 15).
Ескертпе Көбірек тамақты бумен пісіру керек болса және көбірек керек болса, су ыдысын

қайта толтыру үшін сумен қайта толтыру шүмегі арқылы біраз су көлемін құюыңызға болады.
Ескертпе Құрал 2 минут бойы қолданылмаса ол автоматты түрде күту режиміне өтеді.

Бастау/тоқтату түймесін басып басқару панелін қайта іске қосыңыз.

Қолмен режимі

Бұл режимді бумен пісіргішті жылдам іске қосу үшін пайдаланыңыз.

1

Қажетті бумен пісіру уақытын таңдау үшін, таймерді реттеу тетігін солға немесе оңға

бұраңыз (Cурет 16).

2

Бумен пісіруді бастау үшін, бастау/тоқтату түймесін басыңыз (Cурет 17).

, Бумен пісіру процесі басталады. Шам дөңгелегі және турбо шамы жайлап жыпылықтайды

да, таймер орнатылған бумен пісіру уақытын төмен қарай санайды (Cурет 18).

, Орнатылған бумен пісіру уақыты аяқталғанда, құрал сигнал шығарады және жылы сақтау

режиміне ауысады. Жылы сақтау шамы жанады (Cурет 19).
Тамақ режимі

Бұл режимді әрбір бу себеті үшін түрлі дайындау уақытымен толық тамақ дайындау үшін

пайдаланыңыз. Құрал тамақты бу себетінде ең ұзақ дайындау уақытымен бумен пісіре бастайды

және қысқа дайындау уақытымен бу себетін немесе себеттерін қою керек кезде сигнал

шығарады. Соңғы бу себетінде ең қысқа дайындау уақыты болады.
Ескертпе Егер барлық үш бу себетін пайдаланбай тамақ дайындағыңыз келсе, тек

пайдаланатын бу себеті үшін таймерді орнатыңыз.

1

Себеттердің бірін таңдау үшін 1, 2 немесе 3-бу себетінің түймесін басыңыз (Cурет 20).

, Тиісті шам жыпылықтай бастайды.

ҚазаҚша

76

Advertising
This manual is related to the following products: