Philips HD9171 User Manual

Page 82

Advertising
background image

- Тоңазытылған көкөністерді бумен пісірер алдында ерітудің керегі жоқ.

Ет, тауық, теңіз тағамдары, және жұмыртқа.

- Нәзік, сәл майы бар еттер бумен пісіргенге өте қолайлы.

- Етті жақсылап жуып алып, сөлі шықпауы үшін сүртіп құрғатыңыз.

- Сұйықтығы ағып кететіндіктен, етті, құс етін, балықты немесе жұмыртқаларды басқа тамақ

түрлерінің астына қойыңыз.

- Жұмыртқаны бумен пісіргішке салар алдында тесіп алыңыз.

- Тоңазытылған етті, тауықты немесе теңіз тағамдарын бумен пісіруге болмайды. Бумен

пісірмес бұрын, міндетті түрде ерітіп алыңыз.
Тәтті тағамдар

- Тәтті тағамдардың дәмін күшейту үшін, қант қосудың орнына біраз даршын қосыңыз.

Жалпы кеңестер

- Күріш пісіру үшін сорпа ыдысындағы күрішке су құюыңыз керек. Мөлшерлері туралы

ақпаратты жоғарыдағы тамақты бумен пісіру кестесінен қараңыз.

- Күріш пісіруді аяқтаған кезде, құралды өшіріп, күрішті араластырыңыз және қақпағын жабулы

күйде оны 5 минуттай ыдыста қойыңыз. Бұл жақсырақ нәтиже береді.

- Сондай-ақ, сорпа ыдысын сорпа дайындаудан басқа көкөніс тұздықтарын дайындау, балық

қайнату, маринадталған етті пісіру және пуддинг, сорпа және күріш пісіру үшін пайдалана

аласыз.

- Тамақ бөліктерінің арасына біраз орын қалдырып, тамақты себеттің түбіне тегіс жайыңыз.

- Бу себеті тым толып тұрса, бумен пісіру уақытының жартысы өткенде, тамақты

араластырыңыз.

- Аз мөлшердегі тамақ көп мөлшердегі тамаққа қарағанда аз уақытта піседі.

- Тек бір бу себетін пайдалансаңыз, 2 немесе 3-бу себетін пайдаланғандағыға қарағанда

тамақ қысқарақ бумен пісіру уақытын қажет етеді.

- Егер бірнеше бу себетін пайдалансаңыз, 5-10 минут артық пісіріңіз.

- Кіші бу себетіндегі (1) тамақ жоғарыдағы бу себеттеріне қарағанда жылдамырақ дайын

болады.

- Жеместен бұрын тамақтың дұрыс піскенін тексеріңіз. Бұл әсіресе шошқа еті, тартылған ет

және тауық үшін маңызды болып табылады.

- Бумен пісіру барысында, тамақ немесе тамақ салынған себеттерді қосуға болады.

Ингредиентті пісіруге аздау уақыт кететін болса, кейінірек қосыңыз.

- Құрал жылы сақтау режиміне өткен кезде, пісіру процесі шамалы уақыт жалғасады. Егер

тамақ жақсылап піскен болса, пісіру процесі аяқталып, құрал жылы сақтау режиміне өткен

соң, тамақты пісіргіштен шығарып алыңыз.

- Егер тамақ әлі піспеген болса, ұзағырақ бумен пісіру уақытын орнатыңыз. Бұл жағдайда су

ыдысына су қосу керек болуы мүмкін.

- Бумен пісіргішті сорпа ыдысындағы дайын сорпаны жылыту үшін пайдалануға болады. 250

мл сорпаны ысытуға шамамен 10 минут уақыт кетеді.

ҚазаҚша

82

Advertising
This manual is related to the following products: