Philips HD9171 User Manual

Page 73

Advertising
background image

- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips

компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы

керек.

- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану

нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ

білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.

- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

- Қуат сымын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Құрал тұрған беттің немесе

үстелдің шетінен қуат сымы салбырап тұрмауы тиіс.

- Қуат сымын ыстық жерлерден аулақ ұстаңыз.

- Құралды розеткаға жалғамас бұрын, ток сымын негізгі бөліктегі орауыштан толығымен

босатып алыңыз.

- Тоңазытылған етті, тауықты немесе теңіз тағамдарын бумен пісіруге болмайды. Бумен

пісірмес бұрын, міндетті түрде ерітіп алыңыз.

- Бумен пісіргішті тамшы науасынсыз ешқашан қолдануға болмайды, себебі құрылғыдан ыстық

су шашырауы мүмкін.

- Бу себеттері мен сорпа ыдысын тек түпнұсқа негізбен бірге пайдаланыңыз.

Ескерту

- Бұл құрал тек үйде пайдалануға арналған. Дүкен, кеңсе, ферма сияқты жұмыс орындарының

асханасы сияқты орталарда қолдануға жарамайды. Қонақ үй, мотель, жатақ пен таңғы ас

берілетін орындар, басқа да тұрғылықты орталарда қолдануға да болмайды.

- Құрылғыны дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе жартылай кәсіби мақсаттарда қолданса,

пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады

және Philips компаниясы болған зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас

тартады.

- Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips компаниясынан басқа өндірушілер шығарған

қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің

кепілдігі өз күшін жояды.

- Құралдың негізгі бөлігін температурасы жоғары , ыстық газы, буы бар, сондай-ақ, бумен

пісіргіштің өзінен тыс басқа құралдардан шығатын ылғалды ыстығы бар жерде сақтамаңыз.

Бумен пісіргішті жұмыс жасап тұрған немесе ыстық плитаның немесе пештің үстіне немесе

жанына қоюға болмайды.

- Жұмыс істеп тұрған құралды қабырғалар мен ыдыс-аяқ шкафтары сияқты бумен

зақымданатын заттардың жанына немесе астына қоюға болмайды.

- Құралды жарылатын және/немесе жанатын булар бар жерде қолдануға болмайды.

- Бумен пісіргішті тегіс, тұрақты және көлденең жерге қойып, оның қатты ысып кетуін

болдырмау үшін, айналасында кемінде 10 см бос жер қалдырыңыз.

- Алынбалы түптерді бу себеттерінің ішіне үстіңгі жағынан салыңыз. Түбін дұрыс орнату үшін

алдымен бір жағын себетке қарай төмендетіп, одан кейін екінші жағын түбі орнына

түскенше («сырт») орналастырыңыз. Төменгі жағындағы тұғырдың жоғары қарап тұрғанын

тексеріңіз. (Cурет 2)

- Буды беру режимінде жұмыс істеп тұрғанда, жылы сақтау режимінде болғанда немесе

қақпағын ашқанда, бумен пісіргіштен шығатын ыстық будан аулақ болыңыз. Тамақты

тексергенде, сабы ұзын ас үй құралдарын қолданыңыз.

- Бумен пісіргіш істеп тұрғанда, оның үстінен еңкеймеңіз.

- Құралдың ыстық беттерін қолмен ұстамаңыз. Құралдың ыстық бөліктерін ұстамас бұрын, ас

үй қолғаптарын кийіңіз.

- Істеп тұрғанда, пісіргішті қозғамаңыз.

- Қақпақты абайлап, өзіңізден алыс ұстап ашыңыз. Күйіп қалмас үшін, қақпақтағы суды бумен

пісіргішке ағызыңыз.

- Тамақ ыстық болған кезде, бу себеттерін әрқашан тұтқаларынан ұстаңыз.

ҚазаҚша

73

Advertising
This manual is related to the following products: