Philips HR1861 User Manual

Page 50

Advertising
background image

Ескерту.

- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.

- Philips арнайы ұсынбаса, Philips компаниясынан басқа өндірушілер шығарған қосалқы

құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі

өз күшін жояды.

- Құралды тоққа қосар алдында барлық бөлшектері дұрыс орнатылғандығына көзіңізді

жеткізіңіз.

- Бекітетін екі детальдардың екеуі де жабылғаннан соң ғана құралмен қолданыңыз.

- Бекітетін тетіктерді тек құрал тоқтан суырылғаннан кейін және фильтр айналғанын

тоқтатқаннан кейін ғана босатуға болады.

- Егер қоректендіргіш түтікте заттың салмағы шектен тыс болса, құралды бір дегенде

40 секундтан артық қолдаңбаңыз, оны сәл уақыт тоқтатып, салқындаттыру қажет. Осы

қолдануға арналған рецепттердің еш қайсысында шектен тыс заттардың бар екендігі

көрсетілмеген.

- Қабықтарды жинайтын контейнерді құрал жұмыс істеп тұрғанда алуға болмайды.

- Қолданып болған соң құралды міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.

- Шу деңгейі: Lc = xx dB [A]

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес

келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми

дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

Пайдалануға дайындау

1

Алынатын бөлшектердің барлығын жуыңыз («тазалау» тармағын қараңыз).

2

Құрылғының артқы жағында орналасқан тоқ сым сақтағыш бөлімнен тоқ сымын

алыңыз (Cурет 2).

3

Шырын жинағышты құралға қойыңыз (1), қабықтарды жинайтын контейнерді құралға сәл

ғана алға қарай еңкейту арқылы орнатыңыз (2). Алдымен жоғарғы жиегін енгізіп, содан

соң төменгі жиегін кіргенше итеріңіз (Cурет 3).

Қабық жинағыш ыдысты шырын сығып жатқанда босату үшін, құралды сөндіріп, қабық жинағыш

ыдысты абайлап алыңыз.
Ескертпе. Шырынды әры қарай жасау алдында, қабықтарды жинайтын контейнерді қайтадан

орнына орнатыңыз.

4

Шырын жинағышқа фильтірді салып (1), қақпақты фильтір үстінен ұстап, орнына

түскенше төмендетіңіз (2) (Cурет 4).

Фильтір міндетті түрде жүргізуші тұтқағанық орнатылуы тиіс («сырт» ете түскенше).
Қолданар алдында сүзгіні әрдайым тексеріп тұрыңыз. Егер сіз сүзгіде зақым байқасаңыз,

немесе сүзгінің басқалай зақымдалғанын көрсеңіз, құрылғыны әрі қарай қолданбаңыз, жақын

жердегі Philips қызмет орталығымен байланысыңыз.

5

Қақпаққа, оны бекіту үшін, екі бекітпені орнатып, сырт еткізіп жабыңыз (‘сырт’ ете түседі)

(1). Итергіштегі тесікшелерді тағамды салатын құбыр ішіндегі төмпешіктерге туралап,

тамақ салғыш құбырға итергішті сырғытып енгізіңіз (2) (Cурет 5).

Қақпақтың екі жағының бекіткіштері орнында тұрғанын мұқият тексеріңіз.

6

Шырын құмырасын шүмектің астына қойыңыз (Cурет 6).

Егер шырын шашырап кетпесін десеңіз немесе шырынды тоңазытқышта сақтамақшы болсаңыз,

шырын құмыранына қақпақты жауып қойыңыз.

ҚазаҚша

50

Advertising