Philips HR1861 User Manual

Page 51

Advertising
background image

Құралды пайдалану

Бұл құрал тек барлық бөлшектері дұрыс жиналып, қақпағы берілген бекіткіштермен дұрыс

бекітіліп, орнатылғанда ғана жұмыс жасайды.

1

Жеміс жидектерді немесе көкөністерді жуып, оларды қоректендіргіш түтікке сиятындай

етіп турап, тутікке салыңыз. (Cурет 7)

2

Шырын құмыраны шырын сыққыштың дәл мұрнының астына қойылғанын тексеріңіз.

3

Басқару тұтқасын 1 (төменгі жылдамдық) немесе 2 (қалыпты жылдамдық) параметріне

қойып, құралды қосыңыз. (Cурет 8)

- 1 жылдамдық қарбыз, жүзім, қызанақ, қияр және құлпынай секілді жұмсақ жеміс жидектер

мен көкөністерге арналған.

- 2 жылдамдық барлық басқа жеміс жидектер мен көкөністер түрлеріне арналған.

4

Алдын ала турап қойған бөліктерді қоректендіретін түтікшеге салып, итергіштің

көмегімен айналып жатқан сүзгіге қарай жәймен ғана итеріңіз (Cурет 9).

Итергішке қатты салмақ түсірмеңіз, себебі ол соңғы нәтижеге әсерін тигізіп, сүзгіні тоқтатып

тастауы да мүмкін.
Азық салатын түтікке ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз.
Ингредиенттердің барлығын сығып болғаннан соң, шырынның шығуы тоқтағанын күтіңіз. Содан

соң құралды өшіріп, фильтірдің айналғаны тоқтағанша күтіңіз.

5

Көбік ажыратқышты шырын ыдысына сырғытып енгізіңіз (1) содан соң қақпақты шырын

ыдысына жабыңыз (2). Сонда сіз шырынды құйып алғанда, көбік сыртта

қалады. (Cурет 10)

Ескертпе. Есіңізде болсын: Егер сіз ішімдігіңізде көбік қабаты болсын десеңіз, көбік

ажыратқышын қолданбаңыз.

Кеңестер

- Жаңа піскен жеміс жидектерді немесе көкөністерді қолданған дұрыс, себебі оларда шырын

көп болады.Шырын сыққышқа ананас, қызылша, сельдерей жапырақтары, алма, қияр, сәбіз,

шпинат, қауын, қызанақ, және жүзім сияқты жеміс жидектер өте қолайлы.

- Жұқа қабықтар мен терілерді алудын қажеті жоқ. Тек қана қалың қабықтар, мысалы апельсин,

ананас, пісірілмеген қызылша қабықтарын тазалау керек. Сонымен бірге цитрусты

жидекердің ақ қабығын да алып тастаңыз, себебі олардың аштылау дәмі бар.

- Алма шырынын дайындағанда есіңізде болсын, алма шырынының қоюлығы сіздің қолданып

жатқан алмаңыздың түріне байланысты болады. Алмаңыз шырынды болса, шырыныңыз

қоюырақ болады. Өзіңізге ұнайтын шырын шығаратын алма түрін таңдаңыз.

- Алма шырыны тез арада қоңырланып кетеді. Тез қоңырланбауы үшін, лимон шырынының

бірнеше тамшысын қосыңыз.

- Крахмалы бар жеміс жидектерді, мысалы: банан, папайя, авокадо, інжір немесе манго сияқты

бұл шырын сыққыштан өткізуге болмайды. Ол үшін тамақ жасайтын құралды, немесе

миксерлерді қолданғаныңыз дұрыс.

- Бұл шырын сыққыштан жапырақтарды немесе жапырақ бұтақтарын өткізуге болады.

- Шырыныңызды сығып болған күйде ішіп қойыңыз. Шырын таза ауада біраз уақыт тұрып

қалса, ол өзінің дәмін және қоректену байлығын жоғалтады.

- Шырын көбірек алыну үшін, итергішті ақырын басу керек.

- Өте қатты немесе талшықты/крахмалды қант қамысы секілді жемістерді шырын сыққыштан

өткізуге болмайды.

ҚазаҚша

51

Advertising