Абайлаңыз, Электромагниттік өрістер (эмө), Қолдануға дайындау – Philips HR1858 User Manual

Page 43

Advertising
background image

абайлаңыз

- Бұл құрылғы тек үйде қолдануға арналған.

- Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша қондырғыларын, сондай-ақ

Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай

бөлшектерді немесе қосымша қондырғыларды қолданған болсаңыз, онда сіздің кепілдігіңіз

өз күшін жоғалтады.

- Құралды тоққа қосар алдында барлық бөлшектері дұрыс орнатылғандығына көзіңізді

жеткізіңіз.

- Бекітетін екі детальдардың екеуі де жабылғаннан соң ғана құралмен қолданыңыз.

- Бекітетін тетіктерді тек құрал тоқтан суырылғаннан кейін және фильтр айналғанын

тоқтатқаннан кейін ғана босатуға болады.

- Егер қоректендіргіш түтікте заттың салмағы шектен тыс болса, құралды бір дегенде 40

секундтан артық қолдаңбаңыз, оны сәл уақыт тоқтатып, салқындаттыру қажет. Осы

қолдануға арналған рецепттердің еш қайсысында шектен тыс заттардың бар екендігі

көрсетілмеген.

- Қабықтарды жинайтын контейнерді құрал жұмыс істеп тұрғанда алуға болмайды.

- Құралды қолданып болған соң өшіріп отырыңыз.

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Philips компаниясы шығарған бұл құрал электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық

стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес

қолданылса, қазіргі кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану

қауіпсіз деуге болады.

Қолдануға дайындау

1

Алынатын бөлшектердің барлығын жуыңыз («тазалау» тармағын қараңыз).

2

Шанышқыны қабырғадағы розеткаға қосыңыз.

3

Шырын жинағышты құралға қойыңыз (1), қабықтарды жинайтын ыдысты құралға сәл

ғана алға қарай еңкейтіп орнатыңыз (2). Алдымен жоғарғы жиегін енгізіп, содан соң

төменгі жиегін кіргенше итеріңіз (Cурет 2).

Қабық жинағыш ыдысты шырын сығып жатқанда босату үшін құралды сөндіріп, қабық жинағыш

ыдысты абайлап алыңыз.
Ескертпе: Шырынды әры қарай жасау алдында, қабықтарды жинайтын контейнерді қайтадан

орнына орнатыңыз.

4

Шырын жинағышқа фильтірді салып (1), қақпақты фильтір үстінен ұстап, орнына

түскенше төмендетіңіз (2). (Cурет 3)

Фильтір міндетті түрде жүргізуші тұтқаға нық орнатылуы тиіс («сырт» ете түскенше).
Қолданар алдында фильтірді әрдайым тексеріп тұрыңыз. Егер сіз фильтірде зақым

байқасаңыз, немесе фильтірдің басқалай зақымдалғанын көрсеңіз, құралды әрі қарай

қолданбаңыз, жақын жердегі Philips қызмет орталығымен байланысыңыз.

5

Қақпаққа, оны бекіту үшін, екі бекітпені орнатып, сырт еткізіп жабыңыз (‘сырт’ ете

түседі) (1). Итергіштегі тесікшелерді тағамды салатын құбыр ішіндегі төмпешіктерге

туралап, тамақ салғыш құбырға итергішті сырғытып енгізіңіз (2) (Cурет 2).

Қақпақтың екі жағының бекіткіштері орнында тұрғанын мұқият тексеріңіз.

6

Шырын құмыраны түтікшенің астына қойыңыз (Cурет 4).

Егер шырын шашырап кетпесін десеңіз немесе шырынды тоңазытқышта сақтамақшы болсаңыз,

шырын құмыранына қақпақты жауып қойыңыз.

ҚазаҚша

43

Advertising