Philips HD9189 User Manual

Page 78

Advertising
background image

- Құралдың ыстық беттерін қолмен ұстамаңыз. Құралдың ыстық бөліктерін ұстамас бұрын, ас

үй қолғаптарын кийіңіз.

- Істеп тұрғанда, пісіргішті қозғамаңыз.

- Қақпақты абайлап, өзіңізден алыс ұстап ашыңыз. Күйіп қалмас үшін, қақпақтағы суды бумен

пісіргішке ағызыңыз.

- Тамақ ыстық болған кезде, бумен әзірлеу табағын құлақтарынан ұстаңыз.

- Су ыдысын су толтыру шүмегінен босатпаңыз. Су ыдысын босату үшін негізді артқа

қисайтыңыз да, суды негіздің артынан төгіңіз (Cурет 3).

- Тазарту үшін, алдымен құралды розеткадан ажыратып, суытып алу керек.

автоматты түрде өшіру

Құралдың автоматты түрде өшу функциясы бар. Розеткаға жалғағаннан кейін түймені 2 минут

ішінде баспасаңыз, құрал автоматты түрде өшеді. Сонымен бірге, орнатылған бумен пісіру

уақыты (соның ішінде жылы күйінде сақтау уақыты да) аяқталғанда құрал автоматты түрде

жұмысын тоқтатады.

Сусыз қайнатудан қорғау функциясы

Осы бумен пісіргіштің құрғақ түрде қайнатудан қорғау механизмі бар. Құрғақ түрде қайнатудан

қорғау механизмі су ыдысында су болмаса немесе пайдалану кезінде таусылып қалса, қыздыру

элементін автоматты түрде өшіреді. Құралды қайтадан пайдалану үшін, су ыдысын MAX («ЕҢ

ЖОҒАРЫ») көрсеткішіне дейін суық сумен толтырыңыз.

Электрмагниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес

келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми

дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

алғаш қолданар алдында

1

Құралды алғаш қолданар алдында, тамақ салынатын бөліктерін жақсылап тазалаңыз

(«Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

2

Су ыдысы ішін дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз.

Пайдалануға дайындау

1

Құралды тегіс, тұрақты және көлденең жерге қойыңыз.

2

Құралды розеткаға жалғамас бұрын, ток сымын негізгі бөліктегі орауыштан толығымен

босатып алыңыз.

3

Су ыдысын MAX («Ең жоғары») көрсеткішіне дейін суға толтырыңыз (Cурет 4).

, Су ыдысы MAX («Ең жоғары») көрсеткішіне дейін толтырғанда бумен пісіргіш шамамен

60 минут бумен пісіре алады.

Су ыдысына MAX («ЕҢ ЖОҒ.») көрсеткішінен асырып су құюға болмайды.
Су ыдысына тек қана су құю керек. Су ыдысына ешқашан дәмдеуіш, май немесе басқа

заттарды қосуға болмайды.

4

Тамшы науасын негізгі бөліктегі су ыдысының үстіне орнатыңыз (Cурет 5).

Ескертпе Құралды ешқашан тамшы науасынсыз пайдаланбаңыз және тамшы науасына су,

дәмдеуіш, май немесе басқа заттарды құймаңыз.

5

Бумен пісірілетін тамаққа қосымша дәм беру үшін дәмдендіргішті тамшы науасына

қойыңыз. (Cурет 6)

- Дәмдендіргішті балғын немесе құрғақ шөптермен толтырыңыз.

ҚазаҚша

78

Advertising
This manual is related to the following products: