Philips HD9189 User Manual

Page 79

Advertising
background image

- Әртүрлі тағам түріне арналған шөптер және дәмдеуіштер түрі жөніндегі кеңестерді «Тамақ

кестесі және бумен пісіру кеңестері» тарауындағы бумен пісіру кестесінен қараңыз.

6

Бумен пісіргелі жатқан тамақты бір немесе одан да көп бумен әзірлеу табақтарына және/

немесе сорпа ыдысына (тек HD9190 үлгісінде) салыңыз. (Cурет 7)

- Әрқашан алынбалы ыдыс түптерін бумен әзірлеу табақтарына жоғарғы жағынан бастап

қойыңыз. Ыдыс түптерін дұрыс орналастыру үшін алдымен бір жағын табаққа төмендетіңіз,

содан кейін екінші жағын түп орнына («сырт» етіп) түскенше төмендетіңіз. Түптегі

шығыңқы жер жоғары қарап тұрғанын тексеріңіз (Cурет 2).

- Бумен әзірлеу табақтарына тым көп тамақ салмаңыз. Тамақ бөліктерінің арасында біраз бос

орын қалдырыңыз және тамақты табақтың түбіне біркелкі жайыңыз.

- Тек HD9189 үлгісінде: күрішті әзірлеу үшін бумен әзірлеу табақтарының ішіне сыятын жеңіл

ыдысты пайдалануға болады. Бумен пісіргіштің ішіндегі бу айналымы дұрыс болуы үшін

ыдыстың айналасында бос орын болуын қадағалаңыз.

- Тамақтың үлкендеу бөліктерін және бумен ұзақ пісірілетін тамақты ең төменгі бумен

әзірлеу табағына (1) салыңыз.

- Жұмыртқаларды ыңғайлы түрде бумен пісіру үшін, оларды жұмыртқа ұстағыштарына

салыңыз (Cурет 8).

- Бөліктері үлкен тамақты бумен пісіру мақсатында (мысалы, бүтін тауық, жүгері собығы) бір

үлкен ыдыс жасау үшін, орташа (2) және үлкен бумен әзірлеу табағынан (3) алынбалы ыдыс

түптерін алып тастауға болады.

Ескертпе Бумен әзірлеу табақтарының ең жоғары сыйымдылығы — 1 кг.

7

Бір немесе бірнеше бумен әзірлеу табағын тамшы науасына қойыңыз. Табақтарды

жөндеп орнатып, шайқалмайтынын тексеріңіз (Cурет 9).

- Бумен әзірлеу табақтарының үшеуін де қолдану міндетті емес.

- Бумен әзірлеу табақтары 1 - 3 деп нөмірленген. Бумен әзірлеу табақтарының нөмірлері

құлақтарында орналасқан. Кез келген үлкенірек табақты шағынырақ табақтың үстіне

орнатуға болады, бірақ табақтарды логикалық үлкею ретімен бір-біріне қойғанда жақсы

орналасады: алдымен ең шағын табақ (1), содан кейін орташа табақ (2), ал соңынан үлкен

табақ (3). Әрқашан бумен әзірлеу табақтарының астында тамшы науасын пайдаланыңыз

және тек тамақ толтырылған бумен әзірлеу табақтарын пайдаланыңыз (Cурет 10).

- Тек HD9190 үлгісінде: сорпа ыдысы сорпаны, басқа сұйық тамақтарды және балықты

әзірлеуге арналған. Сорпа ыдысын пайдаланғыңыз келгенде оны үлкен бумен әзірлеу

табағына (3) салыңыз (Cурет 11).

- Тек HD9190 үлгісінде: астында орташа бумен әзірлеу табағы (2) бар үлкенірек табақты

жасау үшін үлкен бумен әзірлеу табағынан (3) алынбалы ыдыс түбін шығарғанда, әлі де

балық, күріш немесе сорпа әзірлеу үшін жоғарғы жағына сорпа ыдысын қоя

аласыз (Cурет 12).

- Шағын бумен әзірлеу табағымен (1) үлкенірек табақты жасау үшін орташа бумен әзірлеу

табағынан (2) алынбалы ыдыс түбін шығарғанда, әлі де үлкен бумен әзірлеу табағын (3)

жоғарғы жағында қоюға болады.

8

Қақпақпен жоғарғы бумен әзірлеу табағын жабыңыз (Cурет 13).

Ескертпе Егер бумен әзірлеу табағының қақпағы дұрыс жабылмаған болса, тамақ жақсылап

піспейді.

Құралды пайдалану

Бумен пісіргіштің екі бумен әзірлеу режимі бар:

1 Бумен пісіргішті тез іске қосуға мүмкіндік беретін қол режимі.

2 Бағдарлама режимі:

- Тамақ бағдарламасы: әр табақ үшін толық тамақты әр түрлі әзірлеу уақыттарымен әзірлеу.

ҚазаҚша

79

Advertising
This manual is related to the following products: