Philips HD9189 User Manual

Page 80

Advertising
background image

- Алдын ала орнатылған түймелер бар басты бағдарлама: тамақты алдын ала орнатылған

уақыттармен және температуралармен әзірлеу.

Бұл режимдерді пайдалану әдісі туралы қосымша ақпаратты төмендегі бөлек бөлімдерден

қараңыз.

Жалпы процедура

Келесі қадамдар — бүкіл үш бумен әзірлеу режиміне қолданылатын жалпы қадамдар.

1

Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қосыңыз.

, Қосу/өшіру түймесіндегі шам қосылады және әдепкі әзірлеу уақыты (20 минут)

дисплейде пайда болады (Cурет 14).

2

Екі бумен әзірлеу режимдерінің біреуін таңдап, қажет қадамдарды орындаңыз (әр түрлі

бумен әзірлеу режимдерінің бөлімдерін төменнен қараңыз).

Ескертпе Екі бумен әзірлеу режимін бір уақытта пайдалана алмайсыз. Сондай-ақ, тамақ

бағдарламасын және басты бағдарламаны бір уақытта пайдалана алмайсыз.
Ескертпе Көп мөлшерде тамақ пісірген кезде, тамақ пісіру уақытының жартысы өткенде,

ұзын сапты ас үй құралымен тамақты араластырыңыз. Пешке арналған қолғап кийіңіз.
Ескертпе Бумен әзірлеу процесінің бірінші 5 минутында турбо шамы жанады. Бұл тез қызу үшін

бумен пісіргіштің қосымша қуатты пайдаланатынын көрсетеді.

3

Бумен әзірлеу процесі аяқталғанда, құрал 5 рет сигнал береді, содан кейін жылы күйінде

сақтау режиміне автоматты түрде ауысады («Жылы күйінде сақтау режимі» бөлімін

қараңыз).

4

Пайдаланудан кейін қақпақты жайлап алыңыз.

Қақпағын ашқанда, құралдан ыстық бу шығады. Одан абай болыңыз.
Ескертпе Күйіп қалмас үшін қақпақты алғанда қолғап киіңіз. Қақпақты баяу және өзіңізден ары

ұстап алыңыз. Жиналған суды қақпақтан бумен әзірлеу табағына ағызыңыз.
Ескертпе Тамақты бумен әзірлеу табақтарынан алу үшін ұзын сапты ас үй құралдарын

пайдаланыңыз.

5

Бумен әзірлеу табағын шығарғанда, ондағы жиналған суды астындағы ыдысқа немесе

тамшы науасына ағызыңыз.

6

Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткадан ажыратып, тамшы науасын алмас бұрын,

бумен пісіргішті толық суытып алыңыз.

7

Әр пайдаланғаннан кейін негізді артқа қисайтып, суды негіздің артынан төгу арқылы су

ыдысын босатыңыз (Cурет 3).

Тамшы науасын алғанда және су ыдысын босатқанда сақ болыңыз, себебі құралдың басқа

бөліктері суып қалса да, екеуіндегі су әлі де ыстық болуы мүмкін.
Ескертпе Бумен әзірлеу кезінде су ағып кетсе, «су ыдысы бос» шамы жанып, су ыдысын

толтыру керектігін көрсетеді (Cурет 15).
Ескертпе Қосымша тамақты бумен әзірлеу керек болса және қосымша су керек болса, су

ыдысын толтыру үшін су толтыру шүмегі арқылы шағын су көлемін құюға болады.
Ескертпе 2 минут бойы пайдаланылмаса, құрал автоматты түрде күту режиміне өтеді.

Басқару тақтасын қайтадан іске қосу үшін бастау/тоқтату түймесін басыңыз.

ҚазаҚша

80

Advertising
This manual is related to the following products: