Philips HD9189 User Manual

Page 83

Advertising
background image

Тазалау және техникалық қызмет көрсету

Құралды тазалағанда, қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау құралдарын, жанармай немесе

ацетон сияқты сұйықтықтарды қолданбаңыз.

1

Қуат сымын қабырғадағы розеткадан ажыратып, құралды суытыңыз.

2

Негізгі бөліктің сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

Негізгі бөлікті суға батыруға немесе оны ағынды сумен шаюға болмайды.

3

Су ыдысын алдымен біраз ыдыс жуу сұйықтығы қосылған жылы суға

малынған шүберекпен, одан кейін таза дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

4

Қақпақты біраз ыдыс жуу сұйықтығы қосылған жылы сумен жуыңыз.

Қақпақты ыдыс жуғышта жууға болмайды.

5

Бумен әзірлеу табақтарынан алынбалы ыдыс түптерін алыңыз. Бумен әзірлеу табақтарын,

алынбалы ыдыс түптерін, дәмдендіргішті, тамшы науасын және сорпа ыдысын (тек

HD9190 үлгісінде) қолмен біраз жуу сұйықтығы қосылған суда тазалаңыз. Сондай-ақ, бұл

бөліктерді қысқа айналым мен төмен температураны пайдаланып ыдыс жуғыш

машинамен тазалауға болады.

Қайта-қайта ыдыс жуғыш машинада жуылатын болса, бумен әзірлеу табақтарының түсі сәл

оңуы мүмкін.

Қаспақты кетіру

Су ыдысында қақ жиналса, құралды қақтан тазарту керек. Жақсы жұмыс істеуі үшін, бумен

пісіргішті қақтан тұрақты тазартып тұру керек.

1

Су ыдысын ақ сірке суымен (8% сірке қышқылы) MAX («ЕҢ ЖОҒ.») көрсеткішіне дейін

толтырыңыз.

Басқа қақтан тазалау сұйықтықтарын қолдануға болмайды.

2

Тамшы науасын және шағын бумен әзірлеу табағын (1) негізгі бөлікке дұрыстап

орнатыңыз (Cурет 32).

3

Шағын бумен әзірлеу табағын қақпақпен жабыңыз (Cурет 33).

4

Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қосыңыз.

5

Басқару тақтасын іске қосу үшін бастау/тоқтату түймесін басыңыз.

6

Бастау/тоқтату түймесін басып, құралды 20 минут бойы жұмыс істетіңіз (Cурет 17).

Сірке суы негізгі бөліктің шетінен тасып қайнап кетсе, құралды розеткадан ажыратып, сірке

суын азайтыңыз.

7

Құрал сигнал бергенде, құралды розеткадан ажыратыңыз да, сіркені толығымен суытыңыз.

Содан кейін су ыдысын босатыңыз.

8

Су ыдысын суық сумен бірнеше рет шайып жіберіңіз.

Ескертпе Егер су ыдысында әлі де қақ бар болса, осы процедураны тағы қайталаңыз.

Сақтау

1

Құралды сақтап қояр алдында оның барлық бөліктерінің таза және құрғақ екенін

тексеріңіз. («Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

2

Ток сымын жинап қою үшін, оны құрал тірегінің орағышына орап қойыңыз (Cурет 34).

3

Тамшы науасын негізгі бөлікке орнатыңыз (Cурет 35).

ҚазаҚша

83

Advertising
This manual is related to the following products: