Philips HR1870 User Manual

Page 61

Advertising
background image

61

Кіріспе

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз!

Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді

www.philips.com/welcome веб-бетінде тіркеңіз.

Бұл құрылғы шырын мөлшерін көбейтіп, тазалау жұмысын азайту мақсатында жасалған.

Ол алуан түрлі азықтарды өңдеуге және рецепттердің көп түрін сеніммен жүзеге асыруға

мүмкіндік береді.

Жалпы сипаттама (Cурет 1)

1

Итергіш

2

Азық салатын түтік

3

Қақпақ

4

Сүзгі

5

Шүмегі бар шырын жинағыш

6

Ұлпа терезесі

7

Ұлпа жиналатын ішкі ыдыс

8

Жетек вал

9

Бекіту тетігі

10

Мотор бөлігі

11

Басқару тұтқасы

12

Сымды сақтайтын орын

13

Алынатын түтік

14

Шүмек қосымшасы

15

Конус

16

Тор

17

Шүмегі бар тор ұстағыш

18

Механизм қорабы

19

Көбік бөлгіші бар шырын құмырасының қақпағы

20

Шырын құмырасы

Маңызды

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта

анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

Қауіпті

- Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға да, ағын сумен шаюға да болмайды.

- Моторды ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.

абайлаңыз

- Құрылғыны қосар алдында, оның негізінде көрсетілген кернеу жергілікті кернеу мөлшеріне

сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.

- Егер ток сымы, штепсельдік ұшы немесе басқа бөлшектері зақымдалған болса, құралды

қолданбаңыз.

- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында,

Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.

- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану

нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ

білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.

- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.

- Сүзгіде сызаттар немесе басқа зақым байқалса, құралды әрі қарай қолдануға болмайды.

Жақын жердегі Philips қызмет орталығымен байланысыңыз.

ҚазаҚша

Advertising