Philips HR1870 User Manual

Page 69

Advertising
background image

Қоршаған орта

- Жарамдылық мерзімі аяқталғанда, құрылғыны тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қайта

өңдейтін арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Бұл әрекет қоршаған ортаны сақтауға септігін

тигізеді (Cурет 28).

Кепілдік және қызмет көрсету

Қызмет көрсету жұмыстары, ақпарат қажет болса немесе шешілмеген мәселе болса, Philips

компаниясының www.philips.com веб-торабын қараңыз немесе еліңіздегі Philips

тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік

кітапшасынан табуға болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда,

жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.

Қосалқы құралдарға тапсырыс беру

Осы құралға қосалқы құралдар сатып алу үшін, Philips дилеріне немесе Philips қызмет көрсету

орталығына барыңыз. Құралға арналған қосалқы құралдарды алуда қандай да бір қиындықтар

туындаса, еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. Оның

байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға болады. Сонымен қатар,

www.philips.com/support торабына кірсеңіз де болады.

ақаулықтарды жою

Бұл тарауда құралды қолданғанда жиі кездесетін қиындықтар сипатталған. Мәселе төменде

берілген ақпарат көмегімен шешілмесе, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына

хабарласыңыз.

Мәселе

Шешімі

Шырын сыққыш істемейді. Құралдың қауіпсіздік жүйесі бар. Бөлшектері дұрыс жиналмаса,

құрал істемейді. Құралды өшіріп, бөлшектерінің дұрыс жиналғанын

тексеріңіз.

Шырын сыққыш

пайдалану кезінде тоқтап

қалады.

Шырын сыққыш қызып кеткен. Құралды өшіріп, розеткадан

ажыратыңыз. Ұлпа жиналатын ішкі ыдысқа жиналған ұлпаны

төгіңіз. Құрал суығанша күте тұрыңыз. Содан кейін мотордың

төменгі жағындағы толып кетуден қорғау түймесін басыңыз.

Шырын сыққыш

пайдалану кезінде баяу

істейді.

Ұлпа жиналатын ішкі ыдыс толды. Құралды өшіріп, контейнерге

жиналған ұлпаны төгіңіз.

Құрал қатты шу, жағымсыз

иіс шығарады, қол

тигізбейтіндей ысып

кетеді, түтін шығарады, т.б.

Жаңа құралдан жағымсыз иіс немесе кішкене түтін шығуы —

қалыпты жағдай. Бірнеше рет пайдаланғаннан кейін, бұндай

құбылыстар жоғалады.

Құрал бітелген. Сүзгіде жеміс немесе көкөніс тұрып қалмағанын

тексеріңіз. Солай болса, құралды өшіріп, тұрып қалған затты

шығарып, жұмысты әрі қарай жалғастырыңыз.
Шамадан тыс зат салынғанда, құралдан жағымсыз иіс немесе

түтін шығуы мүмкін. Бұл жағдайда құралды өшіріп, 60 минуттай

суытыңыз. Ақау жойылмаса, еліңіздегі Philips тұтынушыларға

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ҚазаҚша

69

Advertising